Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»2025 жылы Еуразиялық одақта ортақ қаржы нарығы құрылады
    Жаңалықтар

    2025 жылы Еуразиялық одақта ортақ қаржы нарығы құрылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Астанада Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай қызмет көрсету нарығын дамыту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Одаққа мүше елдердің өкілдері бейнеконференция арқылы байланысқа шықты, деп хабарлайды Baq.kz.

    Экономика және қаржылық саясат жөніндегі Коллегия мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов одақтың бірыңғай қызмет көрсету нарығы жайлы баяндап берді.

    «Бүгін өзекті мәселе қарастырылып отыр. Себебі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық елдерде қызмет көрсету саласы ішкі жалпы өнімге үлкен үлес қосып отыр. Кейбір елдерде бұл үлес 55% құрайды, ал кейбіреуінде 60%-ға жуықтайды. 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ құрылған сәттен бастап қызмет көрсетудің 43 секторы ортақ нарық жағдайына өтті. 14 мамырда Сочиде өткен соңғы саммитте мемлекет басшыларының кездесуінен кейін 9 қызмет саласы біраңғай нарыққа енді. Кейіннен тағы 9 қызмет секторын 2020 жылға дейін ортақ нарыққа қосамыз. Қазір бірыңғай нарықта қызметтердің 50%-ы бар. Енді бұл үлес жаңа қызмет көрсету салаларын ортақ нарыққа қосу арқылы артып отыратын болады», — деді Жақсылықов журналистерге берген сұхбатында.

    Оның айтуынша, кәсіпкерлерге қосымша лицензия алып, өз елінде өткен рұқсат беру рәсімдерін тағы бір мәрте жасап керек емес.

    «Қызмет көрсету саласында істейтін компаниялар үшін ортақ нарық жағдайы өзінің тұтынушылар нарығын ұлғайтуға мүмкіндік береді деген пікірдеміз. Себебі, нарық өте үлкен және әр алуан. Мәселен, қаржы, көлік, аналитика қызметтері сияқты ірі салалар мен жарнама, туризм, консалтинг секілді кішігірім секторлар бар. Біздің мақсатымыз — осы нақты нарықтарға тең жағдайда қол жеткізу», — деді Т.Жақсылықов.

    Сондай-ақ, сөз соңында Жақсылықов ЕАЭО аясында қаржы қызметтерінің ортақ нарығын құруға дайындық жүріп жатқанын айтты.

    «Біз дайындықты мемлекет басшыларының тапсырмасымен жүргізіп жатырмыз. Тапсырмаға сай, ортақ қаржы нарығы 2025 жылға қарай құрылуы тиіс. Қазіргі таңда барлық елдердің ұлттық және орталық банктері, үкіметтері мен комиссиялары ортақ қаржы нарығын құрудың тұжырымдамасына белсенді түрде кіріскен. Тұжырымдаманы аяқтап, таныстыру үшін тағы бірнеше өзекті мәселені егжей-тегжей талқылап, шешу қалды. Солардың нәтижесінде ортақ қаржы нарығына өту бойынша нақты міндеттемелер мен шаралар бекітілген, кезең-кезеңмен жүзеге асатын жоспар әзірленеді», — деп түйіндеді Тимур Жақсылықов.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.