Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры тағайындалды
    Білім

    М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры тағайындалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов пен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне жаңадан тағайындалған Дария Қожамжаровамен кездесті, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Кездесу барысында тараптар Елбасы міндеттеген жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жайын және студенттерді жатақханамен қамту мәселесін қозғады.

    Осы ретте, аймақ басшысы Елбасы Жолдауындағы жетінші міндетінде білім берудің жаңа сапасына тоқталғанын айтып, осы бағытта өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Сонымен бірге әкім университет ректорына жауапты қызметіндегі жұмысына сәттілік тілеп, бүгінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақстандағы ең үздік деген 20 жоғарғы оқу орындарының ішінде үштікте екенін атап өтті.

    Айта кетейік, Дария Пернешқызы ЖОО ректорларын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның шешімімен тағайындалды.

    Қожамжарова Дария — Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. Ол 1962 жылы 22 шілдеде Жамбыл қаласында көпбалалы, қызметкер отбасында дүниеге келген.

    1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік тәмамдап, еңбек жолын 1984-1989 ж.ж. Жамбыл педагогикалық институтында оқытушы  қызметінен  бастады.  Ал 1990-1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспиранты, 1995-2001 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Тарих» кафедрасының доценті, 2001-2003ж.ж. кафедра меңгерушісі, 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті педагогика факультетінің деканы қызметтерін атқарған. Ал 2013 жылдан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры болған.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.