Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Ең қымбат бензин – Қазақстанда» дейтіндерге Бозымбаев жауап берді
    Жаңалықтар

    «Ең қымбат бензин – Қазақстанда» дейтіндерге Бозымбаев жауап берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Министр депутаттардың назарына Global petrol prices халықаралық агенттігінің рейтингісін ұсынды

    ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензиннің бағасы әлем бойынша Қазақстанда ең қымбат деп сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

    «Кедендік одақ аясында біз фискалдық режимдегі айырмашылықты ескере отырып, бағаның тепе-теңдігін сақтауымыз керек. Мәселен, Ресейде АИ-92 бензині қазір 214-220 теңге, ал біздің елімізде орташа алғанда 160 теңге тұрады. Бұл жұмыс жалғасатын болады», — деді Бозымбаев бүгін мәжілісте  «Қазақстанның мұнай-газ секторын дамыту» тақырыбында өтіп жатқан үкімет сағатында.

    Министрдің айтуынша, біздің елімізде ең қымбат бензин деген әңгіме шындыққа жанаспайды. Ол сөзінің дәлелі ретінде депутаттардың назарына Global petrol prices халықаралық агенттігінің рейтингісін ұсынды.

    «Біздің елімізде ең қымбат мұнай өнімдері деген сөзді өте жиі естиміз. Салыстыру үшін 167 елдегі мұнай өнімдерінің бағасы бойынша жасалатын халықаралық агенттіктің рейтингісіне назар аударсақ. Бензин бағасы бойынша Қазақстан рейтингтің соңынан есептегенде 12-ші орында, дизель отыны бойынша 14-ші орында тұр. Яғни, әлемнің 167 елінің ішінде 11-інде  ғана бензин біздегіден арзан. Олардың арасында Венесуэла, Иран, Кувейт, Түрікменстан бар. Дизель отынының бағасы 13 мемлекетте ғана төмен, олар — Венесуэла, Иран, Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Түрікменстан. Бұл мұнай өндіруші елдер деп айтуларыңыз мүмкін. Бірақ Сауд Арабиясы, Бірікке Араб Әмірліктері, АҚШ, Ресей, Әзербайжан секілді мұнай өндіруші елдерде бензин бағасы бізден қымбат. Бұл рейтингті халықаралық агенттік ай сайын жасайды», — деді Бозымбаев.

    Министр таяуда нарықты толығымен отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз ететінімізді атап өтті. Бүгінде Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау аяқталған. Ал Шымкент зауытындағы жұмыс 2018 жылы бітеді.

    Қазіргі уақытта отандық нарық өзіміздің бензинмен 90%, дизель отынымен 90%, әуе керосинімен 58%-ға қамтамасыз етілген.

    «Үш мұнай өңдеу зауытында өнімділікті арттыру үшін техникалық жөндеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілуде. Жыл сайынғы жөндеудің уақыты 45 күннен 20 күнге қысқарады, ал 45 күнге тоқтату үш жылда бір рет іске асырылатын болады. Бұл әрбір зауыттың мұнай өңдеу көлемін жылына орта есеппен 300 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деді ол.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.