Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жас мамандарға да жатақхана салынуы тиіс — Дариға Назарбаева
    Жаңалықтар

    Жас мамандарға да жатақхана салынуы тиіс — Дариға Назарбаева

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Парламентінің сенаторы Дариға Назарбаева студенттерге ғана емес, мамандарға да жатақханалар салуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Жылдар бойы жатақхана көптеген жас отбасыларды, жас мамандарды мұқтаждықтан құтқарып келді. Бүгінде студенттер жатақханасы туралы ғана сөз қозғалады. Қызметкерлерге арналған жатақхана ше? «Серпін» бағдарламасы арқылы еңбек ресурстарын өңірлерге жіберуді ұсынып отырмыз, ал оларды баспанамен қамти алмаймыз. Бұл орайда жатақханалар тиімді шешім болар еді», — деді Дариға Назарбаева Сенатта өткен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы туралы дөңгелек үстелде.

    Сенатор сұрағына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова жауап берді. Оның айтуынша, мұғалімдер арасында тұрақты салым жасауға шақыратын үгіттеу жұмыстары жүруде.

    «Қазір облыс әкімдіктерімен тығыз жұмыс істеудеміз және мектептерде есепшотқа үзбей ақша салып отыруды насихаттап келеміз. Ақша жинаудың өзі қатаң тәртіпті талап етеді. Есепшотты ашып алып, ақша салмай, ұзаққа созып алғандар бар. Жақында бізге медициналық ұйым келіп, қызметкерлері үшін автоматты түрде салым жинап отыратын механизм жасауымызды сұрады. Яғни, есепшот ашып, қаражат жинақтауға келісім берген қызметкерлердің еңбекақысынан қаражат ұсталады. Осылайша, үш жылда алғашқы жарнаны салып, баспана алуға болады. Дәл осындай тәсілді мектептер мен ауруханаларға ұсынып жатырмыз», — деді Ләззат Ибрагимова.

    Еске сала кетейік, «7-20-25» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы өз жұмысын 2018 жылдың шілде айында бастайды. Бұл бағдарлама мемлекеттік қызметкерлерге де, кәсіпкерлерге де арналған.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.