Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікке белгілі кәсіпкер өмірден озды
    Жаңалықтар

    Оңтүстікке белгілі кәсіпкер өмірден озды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.05.2018Updated:18.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстікке белгілі кәсіпкер, «Тау самалы» демалыс аймағының құрылтайшысы  Әлішер Толыбаев  мезгілсіз өмірден озды.  60 жасқа қараған шағында дүние  салған кәсіпкер азамат, ОҚО Сарыағаш ауданы, Абай кеңшарына қарасты Ошақты ауылында 1958 жылдың 30-шы қыркүйегінде дүниеге келген. Біліктілігі мен іскерлігінің арқасында өзіне жүктелген талай жауапты міндеттерді жоғары дәрежеде атқара білген  Әлішер Ниматуллаұлын қала жұртшылығы бүгін қимастықпен  ақтық сапарға шығарып салды.

    Кәсіпкер азамат, Әлішер Толыбаев несімен есте қалды немесе өзгенің көңілін өзіне қалай аударды деген орынды  сан алуан сұрақтар туады. Алдымен, ол әдебиетке, өнерге бір табан жақындығымен ерекшеленеді. Жалақылары аз өнер адамдары мен жазу –сызудың айналасында жүрген дарындыдарды  қолдап қуаттап, қолынан келген жәрдемін беріп жүрген екен. Ал, марқұмның екінші бір қасиеті өз ісін, кәсібін жете меңгергендігімен  көзге түскен  жан еді. Ол, 1981 жылы Ару Алматы қаласындағы Сәулет және құрлыс институтын тәмәмдап, инженер құрылысшы мамандығын алған.

    Еңбек жолын туған жерде «Шымкентсельхозстроймонтаж» тресінің №3-ші жылжымалы колоннасында қарапайым слесарь-сентехник болып бастап, тап сол жерде адал еңбегімен, шебер, цех, бастығы, прораб, бөлімше бастығы, өндірісті жоспарлау бөлімінің бастығы және осы мехколоннаның басшысы  дәрежесіне дейінгі қызмет баспалдақтарымен үлкен абыройымен өткен.

    Елімізде жаппай жекешелендіру басталған тұста тәжірбиелі маман, марқұм  Әлішер Толыбаев 1997-1998 жылдары  «КДСМ» жабық акционерлік қоғамының президенті, ал 1998 жылдан күні бүгінге дейін «Қанат» ЖШС-нің  директоры болып, қызмет еткен азамат. Әлішер Толыбаев өз өмірінің әдемі суретшісі бола білді.

    Осы орайда атпал  азаматтың мезгілсіз қазасына байланысты Шымкент қаласындағы Ордабасы мешітінде өткен қаралы жиынға жиналған қауым бұл күні жұлдыздай ағып өткен азаматымызды қимастықпен ақтық сапарға шығарып салды.

     Кәсіпкерлік саласында із қалдырған марқұмның  отбасына, жұбайы, облыстық мәслихаттың депутаты Рәшкүл Оспаналиеваға қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.