Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мәдениет майталмандарының мерекесі тойланды
    Жаңалықтар

    Мәдениет майталмандарының мерекесі тойланды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.05.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    17 – мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Дәл осы күні Түлкібас ауданы «Ақ шатыр» демалыс орталығында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың және мәдениет майталмандарының қатысуымен ауқымды шара өтті. «Мәдени қызмет – мерейлі міндет» тақырыбында өткен  мерекелік кеште облыс мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан 49 өнер қызметкерлері марапатталды.

    madeniat-still002

    madeniat-still004

    Рамазан айының алғашқы күндеріне тұспа-тұс келген мәдениет және өнер қызметкерлері күні  биыл ерекше тойланды. Түлкібас тауларының етегінде, таза ауада қонақтар еркін тыныстап, табиғаттың әсем бейнесін қызықтады. Түрлі ұлттың киіміндегі өнер жұлдыздары мен жануарлар бейнесіндегі қуыршақтар барша меймандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

    madeniat-still025

    madeniat-still023

     Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  тәуелсіз елімізде мәдениеттің, ұлттық өнеріміз бен салт-дәстүріміздің өсіп-өркендеуіне, өткенін жаңғырта отырып жаңаша бағытта жұмыс жасауға мән беріп, үнемі назарда ұстап келе жатқаны баршамызға аян. Еліміздің болашағы жеке тұлғаның мәдениеттілігіне байланысты. Жеке тұлға мен саяси, еңбек, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыратын арнайы мекемелер мен әлеуметтік орта. Сол мекемелердің бірі мәдениет ошақтары болса, адамды рухани азыққа бөлейтін мәдениет және өнер қызметкерлері. Осындай асыл азаматтардың басқосуында облыс әкімі өнер адамдарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыстың рухани дамуы мен мәдени гүлденуіне айтулы үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

    madeniat-still012

    madeniat-still010

    madeniat-still007

    Бүгінде облыстағы мәдениет саласында 5 мыңға жуық қызметкер абыройлы жұмыс атқарып келеді. Ал халыққа 736 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етуде. Аталған ұйымдардың қатысуымен өткен жылы 31 мыңнан аса іс-шаралар өткізілді. Бұдан бөлек, шара барысында бірнеше зиялы қауым өкілдері Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының өңірде жүзеге асырылуы жайында өз ойларын айтып, мәдениет саласының дамуы бағытындағы ұсыныстарын жеткізді.

    madeniat-still001

    Сонымен қатар «Мәдени қызмет – мерейлі міндет» тақырыбында өткен  мерекелік кеште облыс мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан 49 өнер қызметкерлері» «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, облыстық мәслихат грамотасы, «Нұр Отан» ОҚОФ партиясының алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, жыл бойы аудан, қалалар арасында өткізіліп келген «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» облыстық фестивалі өз мәресіне жетіп, жеңімпазадар анықталды.  3 орынды – Арыс, Төлеби, Созақ аудандары, 2 орынды – Сайрам, Отырар аудандары, 1 орынды – Түркістан қаласы иеленсе, бас жүлдені үш жүздің басын қосқан киелі жер Ордабасы ауданы қанжығасына байлады.

    madeniat-still021

    madeniat-still014

    madeniat-still020

    madeniat-still009

    madeniat-still018

    madeniat-still017

    Мұнан соң, мәдениет майталмандарына арнайы дастархан жайылып, мерекелік кешке ұласты. Салтанатты жиында Оңтүстіктен шыққан барша күміс көмей әншілер мен мың бұралған бишілер өнер көрсетіп, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    madeniat-still022

    madeniat-still026

    Елдігіміздің нышаны – өнеріміз бен мәдениетіміз, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу баршамыздың қасиетті борышымыз. «Өнер – ұлттың жаны»,- дейді халық даналығы. Кез келген ел өнерімен, мәдениетімен танылып, бағаланатыны анық. Әр өңірдің тарихы таңбаланған мәдени мұраларын танып, ұлттар мен ұлыстардың ынтымақ-бірлігін көрсете білуіне кеңінен жола шатын – мәдениет күнімен барша өнер азаматтарын «Айғақ» телеарнасының ұжымы да шын жүректен құттықтайды. Шығармашылық шабыттарыңыз шарықтап, халқымыздың жоғары руханияты мен мәдениетін дамытуда болшақ ұрпаққа үлгі боларлықтай нәтижелі еңбектеріңіз елене берсін!

    Жансая ЕЛЕМЕСОВА.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.