Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елбасы «Hotel Properties Limited» компаниясының негізін қалаушы Онг Бэнг Сэнгпен кездесті
    Жаңалықтар

    Елбасы «Hotel Properties Limited» компаниясының негізін қалаушы Онг Бэнг Сэнгпен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.05.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Әңгімелесу барысында тараптар туризм саласындағы ынтымақтастық және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстан мен Сингапур арасындағы достық әрі әріптестік қарым-қатынастар жоғары деңгейде екенін атап өтті.

    – Сингапурмен бұрыннан жақсы байланысымыз бар. Мен Ли Куан Ю мырзамен көп жыл достық қарым-қатынаста болдым. Елдеріңіздің қазіргі Премьер-Министрімен де тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз. Халықаралық басқосулардың бәрінде жүздесіп, қарым-қатынасымызды одан әрі нығайту жөнінде әңгімелесеміз, – деді Елбасы.

    Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның туризмді дамытуға мүдделі екенін атап өтіп, Астананың туристік әлеуетін арттыру үшін атқарылып жатқан шаралар жөнінде айтты.

    – Сіз – қонақ үй бизнесінде танымал адамсыз, әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істеп жүрсіз. Астана – жаңа елорда. Біз оны туристік қалаға айналдырмақпыз. Бұл үшін біз Сингапурдың осы бағытта жүріп өткен жолын зерттеудеміз, – деді Мемлекет басшысы.

    Онг Бэнг Сэнг Қазақстандағы өзінің алғашқы жұмыс тәжірибесі жөнінде айтты.

    Сингапурлік бизнесмен Қазақстанның Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қарқынды түрде өркендеп, дамудың жоғары нәтижелеріне қол жеткізгенін атап өтті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.