Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Қазақстандықтар БАӘ-де жаппай уланды
    Денсаулық

    Қазақстандықтар БАӘ-де жаппай уланды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстандықтар БАӘ-дегі Шардж қаласында орналасқан Sheraton қонақүйінде жаппай уланды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.

    Уланғандардың арасында Астанадан барған үш балалы отбасы бар болып шықты. Отағасы Асылбек Мұхамбеткереевтің айтуынша, олар Әмірліктерге 8 мамырда бір аптаға келген. Келесі күні ол таңғы ас ішіп, осы астан уланып қалған. Мұхамбеткереевтің сөзінше, қонақүйде 600-дей турист демалып жатқан. Олардың жартысы ТМД азаматтары.

    «Уланудың алғашқы белгілері 10 мамырда таңғы сағат 04.00-те анықтала бастады. Ресейден барған отбасылардың бірі дәрігер шақыртқан. Емханада оларға дене қызуының көтерілуіне қарсы парацетамол ішуге кеңес берілген. Біздің отбасы 10-ы күні шоппингке барып, улану белгілері сонда анықтала бастады: әлсіздік, іш өту, жүрек айнуы. Қонақүйге келіп, адамдардың жаппай уланғанын білдік. Қазақстаннан барған 40-50 отбасынан кем дегенде 30-40 адам уланды, олардың ішінде балалар да бар. Жалпы Ресей, Украина және Беларусьтен 200-дей адам. Бұл біз білетіндері ғана. Қанша шетелдік туристің таңғы асқа берілген ботқаны ішкені анық емес», — дейді Асылбек.

    221

    Ер адамның айтуынша, уланғандардың көбі сол таңғы аста ірімшік қосылған омлет, ірімшік және қайнаған жұмыртқа жеген. Мұхамбеткереевтің сөзінше, ол отбасымен демалыс бітпей жатып, бірден отанға оралғысы келген, алайда қайтарға ұшақ болмаған. Сондықтан отбасы демалыс уақытының аяқталуын күтіпті.

    222

    «Бүкіл қонақүй ауырып қалды. Туристер дәрігерлерді сақтандыруы бойынша шақыртып жатты, дәрігерлер жетіспей жатты, 2-3 сағаттан соң бірақ келіп жатты. Шыдатпаған соң біз де шақырттық. Бірақ бізді қараған дәрігер шала-пұла тексеріп, аурухана қағазына үшеумізді ғана жазды. Соған қарағанда, уланған адамдардың нақты санын азайтып көрсеткісі келді. Дәрігер күзетпен келіп, артық ештеңе айта алмады. Бәрі де қатаң болды», — деді ер адам.

    223

    Абырой болғанда, сапар аяқталуға жақындағанда отбасының денсаулығы жақсарыпты. Алайда Астанаға келгеннен кейін 1,5 жастағы кенже баласы жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің қарауында.

    «WhatsApp-та топ құрып, Ресей, Украина және Беларусь елдерінің туристерімен байланысқа түсіп жатырмыз, бізге «Сельманез» деген диагноз қойылды, осындай диагноз Алматыдан барған отбасыға да қойылыпты. Күш біріктіріп, моральдық және материалдық шығынды өтеуін талап етеміз. Сондай-ақ, демалысқа кеткен шығынды қайтарсын, себебі жылдан жинаған көп күттірген демалысымыз ойдағыдай болмады», — дейді астаналық.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.