Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Н.Назарбаев: Туындайтын мәселелерді дүрліктірмей, байсалдылықпен шешу қажет
    Жаңалықтар

    Н.Назарбаев: Туындайтын мәселелерді дүрліктірмей, байсалдылықпен шешу қажет

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында Владимир Путинді Ресей Федерациясының Президенті болып сайлануымен тағы да құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

    nazarbaev-putin

    – Биылғы 18 наурызда тарихи маңызы бар оқиға болды. Сіз Ресей халқының асқақ сенімін иеленіп, зор жеңіске жеттіңіз. Қазіргідей күрделі жағдайда мұндай сенімнің мәні зор, – деді Қазақстан Президенті.

    Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және басқа да маңызды салалар мен бағыттар бойынша екі жақты достық пен тығыз ынтымақтастық орныққанына тоқталды.

    – Қазақстан – Ресеймен үлгі боларлық қарым-қатынас және қарқынды экономикалық байланыс орнатқан ең жақын мемлекет. Елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі – 16 миллиард долларға жуық. Бірлескен кәсіпорындар саны артып келеді, – деді Қазақстан Президенті.

    putin-nazarbay1

    Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі өзара ықпалдастық Қазақстан-Ресей қатынастарында туындайтын мәселелерді тиімді шешуге септігін тигізіп отырғанын айтты.

    44

    – Қазақстан әрдайым сіздермен бірге. Біз әрқашан бірге жұмыс жүргізіп, бірлесе алға ұмтылып, бұл күрделі кезеңді де еңсеретін боламыз. Бүгінде барлық бағыт бойынша қалыпты жұмыс жүргізілуде. Көршілес тәуелсіз мемлекеттер арасында әрдайым мәселелер туындап жатады. Біздің үкіметтеріміз бен министрліктеріміз арасында тығыз қарым-қатынас орныққан. Туындайтын мәселелерді дүрліктірмей, байсалдылықпен шешу қажет. Біз – одақтас елдерміз, екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары да осы бағытта жұмыс жүргізуге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Ресей Федерациясының Президенті екі мемлекет арасындағы түрлі салалар бойынша өзара тиімді қарым-қатынас орныққанын айтып, оның оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды.

    Владимир Путин Қазақстан Ресейдің стратегиялық одақтасы ғана емес, сондай-ақ ең жақын экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

    – Елдеріміз арасындағы қатынастар табысты әрі дәйекті дамып келеді. Былтыр экономикада жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Атап айтқанда, тауар айналымы 30 пайызға өсті. Ресей Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала бермек. Ресейдің Қазақстан экономикасына бөлген тікелей инвестициясының көлемі артқанын да атап өткім келеді, – деді Владимир Путин.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.