Шымкентте ашық конкурс нәтижесінде 2 мектеп директоры және 1 балабақша меңгерушісі тағайындалды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Конкурс қаладағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Титов атындағы №20, Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназия директорлары мен №49 «Жасұлан», №50 «Нұр-бөбек» бөбекжай балабақшаларының меңгерушісін тағайындау мақсатында өткізілді.
Конкурсқа мектеп директорлығынан 11 үміткер, меңгеруші лауазымынан 15 үміткер қатысты. Бұл үміткерлерге қойылған талап қатаң болды. Олар ең алдымен ұжымды басқару әдісін көрсетіп, комиссия мүшелеріне дәлелдеу қажет еді.