Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Боралдайдың бозторғайы» атанған халық ақыны Таймановтың туғанына 150 жыл!
    Жаңалықтар

    «Боралдайдың бозторғайы» атанған халық ақыны Таймановтың туғанына 150 жыл!

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Боралдайдың бозторғайы» атанған халық ақыны Таймановтың туғанына 150 жыл! Өнегелі ғұмыры қатпарлы қиындықтан тұрса да, өмірдарияның қатты ағысына мойымай, жанына серік еткен домбырасымен ел жағалап, айтыскерлік өнерімен халық арасында танылған. Төле бидің төрінде туылған ол – Бәйдібек ауданының Боралдай жотасында мәңгілікке мекенін тапқан. Мерейлі тойды дүбірлете атап өткен Бәйдібек ауданының әкімдігі республикалық ақындар айтысын ұйымдастырып, жарыс жеңімпазына темір тұлпардың кілтін табыстады.

    «Айғақ» телеарнасы Орынбай Таймановтың есімін ұлықтап, еңбегін жаңғыртуда көптеген жобаларды қолға алып келеді. Иә, Оңтүстік өңірінің халық ақыны атағына ие болған үш бірдей перзентінің ардақтысы. Тауқұдірет деп жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өзі құрмет тұтқан тұлғаның есімін бүгінгі ұрпағы қаншалықты біледі? Насихаттай алып жүрміз бе? Міне, Елбасы айтқан рухани жаңғырудың алғышарттары да осыдан басталады. Уытты сөздері, отты жырларымен замана ағымын сынап, жарқын болашақты көксеген жандардың бірі де – Орынбай ақын болатын. Айтысқа жиналған зиялы қауым өкілдері алдымен Боралдай өзенінің биігіндегі ескі қорымда мәңгілік мекенін тауып, қайта жаңарған Тайманов кесенесінде рухына Құран бағыштап, есімін еске алды.

    Айта кетуіміз керек, бүгінгі шарада Орынбай ақынның 150 жылдық мерейтойына арнап шығарған арнайы төсбелгіні  аудан әкімдігі бүгінгі мерейтойға атсалысқан азаматтарға табыс етті. Әсіресе, біраз жылдар жетімнің күйін кешіп тұрған Таймановтың кесенесін жөндеуге өз қаражаттарын жұмсаған ел азаматтары халықтың алғысына ие болды бұл күні. Ал, айтыс қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан Бәйдібектің түлегі Біржан Байтуов темір тұлпарды тізгіндеді. Бірінші орын Ринат Зайытовта. Екінші орынды Қажымұхан Абзалов қанжығаласа, үшінші орынды Рүстем Қайыртай иеленді.

    Салтанат ТОЙБОЛОВА

    http://aigak.kz/wp-content/uploads/2018/05/Салтанат-сайт-1.mp4
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.