Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте тұңғыш рет шетелдік және қазақстандық би ұжымдарының бірлескен концерті өтті
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте тұңғыш рет шетелдік және қазақстандық би ұжымдарының бірлескен концерті өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Қазақстанға алғаш рет келген Америка Құрама Штаттарының  «Дейтон» заманауи би театры және қазақстандық «Қазына» би ансамблінің бірлескен концерті өтті.

    img-20180512-wa0108
    Шара барысында шетелдік би ұжымына Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Шарафиева Ғалия Аликенқызы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының арнайы құттықтауы мен сый-сияпатын табыс етті.
    «Би театры — көп нәсілді америка халықтарының ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, халықтың тыныс-тіршілігін, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде заманауи бағытта өркендеп, дамуда.

    img-20180512-wa0114
    Сіздердің музыка ырғағын тереңнен сезінетін  кәсіби шеберліктеріңізді табиғаттан берілген ерекше сый деп білеміз. Ұсынған би қойылымдарыңыздағы джаз, этнографиялық би қимылдары заманауи модерн элементтерімен әсерленіп, шығармашыл труппаның шеберлігін паш етті.

    img-20180512-wa0161
    Бүгінгі би кеші – «барлық биді» біріктіруге қызмет ететін ерекше мереке. Бұл өнер түрі әр түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, ынтымақтастық пен бейбітшілікке баулып, екі ел арасындағы мәдени  қарым-қатынасты одан әрі нығайта түседі деген сенімдемін»-деп, құттықтау хатта облыс басшысы ізгі ниетін білдірген.
    Бірлескен жоба көрерменге ерекше әсер қалдырды.

    img-20180512-wa0167

    img-20180512-wa0134
    «Дейтон» заманауи би театры (Dayton Contemporary Dance Company – DCDC) шығармашылықтарының түп-тамыры афроамерикалық мәдениеттен бастау алады.
    «Дейтон» заманауи би театрының негізін —  Дейтон қаласының Огайо штатында 1968 жылы биші, оқытушы, хореограф, Марк-Артур степендиясының лауреаты Джеральдина Бланден қалаған. Бірегей америкалық би театры әлемге танымал.
    Театрдың көркемдік жетекшісі Дебби Бланден-Диггс.
    Олар ғажайып би нөмірлерін қою арқылы әлем бойынша іссапар барысында театр өнерінің жергілікті білім беру мекемелерінде шеберлік сабақтарын өткізіп келеді.

    img-20180512-wa0099
    «Қазына» би ансамблі 1989 жылы құрылған. Ансабльдің ұйымдастырушысы және көркемдік жетекшісі ҚР Мәдениет қайраткері — Мұсабек Жарқынбеков. 2003 жылдан бері ҚР Мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Зәуре Ажибекова жетекшілік жасап келеді. Ансамбльдің қоржынында 70-ке жуық фольклорлық және заманауи жанрда, ТМД елдері және әлем халықтарының билері бар.
    Айта кетсек, «Дейтон» заманауи би театры және қазақстандық «Қазына» би ансамблінің бірлесуімен өңіріміздегі би ұжымдарының жетекшілері мен мүшелеріне 13 мамыр күні, сағат 13:00-15:00 аралығында «Exclusive» би студиясында шеберлік сабақтары жүргізіледі.

    ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.