Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Аймақ басшысы Шымкент зообағының қайта құру жұмысымен танысты
    Жаңалықтар

    Аймақ басшысы Шымкент зообағының қайта құру жұмысымен танысты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қала әкімі Нұрлан Сауранбаевпен бірге Шымкент қаласындағы зообақтың қайта құру бағытындағы жұмыстармен танысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

    1980 құрылған зообақтың қайта құру жұмыстарының барысымен таныстырған Шымкент  мемлекеттік  зоологиялық  саябағының директоры Нұрғазы Бұхарбаев мәскеулік архитекторлардың қатысуымен зообақтың бас конценциясы әзірленгенін атап өтті.

    Сонымен қатар ол қайта құру жұмысы бойынша 2013 жылы «Африка» аумағы, әкімшілік ғимараты және «Тау» экспозициясы басталып, жоспарлы уақытында аяқталғанын, қазіргі кезеңде 9 вольердің құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек, хайуанаттар бағының іші көгалданып, ішкі жолдар мен аяқжолдар бойына зообақ логотипі бейнеленген орындықтар мен орталық ішкі жолындағы гүлзарда жағалай аң мүсіндері орнатылған.

    Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жан-жануарларды сақтап, оларды көбейту мақсатында құрылған зообақта бүгінгі таңда 249 түрлі 2478 бас жан-жануар бар. Мұндағы келушілердің саны өткен жылы 426 мыңға жетсе, ал осы жылдың 3 айында  60 мыңнан астам адам келген. Жануарлардың өсу динамикасы жыл санап артуда. Зообақ құрылғанда 75 түрлі аң болса, бүгінде 249 түрлі жан-жануарға жеткен.

    Зообақтың жалпы ауданы – 30 гектар. Оның ішінде экспозициялар 19 гектар жерге орналастырылған. Мұндағы жануарлардың 40 түрі Қызыл кітапқа енген. Зообақта тұяқтылар, жыртқыштар, приматтар, құстар, балықтар, бауырымен жорғалаушылар және қосмекенділерді тамашалауға болады. Сондай-ақ, мұнда балықтың 70 түрінен, 1 254 балық мекендейтін аквариум орналасқан.

    Шымкент  мемлекеттік  зоологиялық  саябағындағы атқарылып жатқан жұмысқа оң бағасын берген аймақ басшысы Ж.Түймебаев құрылыс жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

    «Зообақ – бұл қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын қуанышқа бөлейтін және мақтан тұтатын ерекше жерлерінің бірі болуы тиіс. Сондықтанда хайуанаттар бағындағы құрылыс жұмыстарын барлық талаптарға сай жүргізілуіне назар аударып, аумақты абаттандыру және көгалдандыруды мықтап қолға алуды және ішкі жолдарды ретке келтіруді тапсырамын. Сонымен қатар 2020 жылға дейін жан-жануарлар түрін көбейтіп, келушілер санын арттырыңыздар. Ал келушілерге ыңғайлы жағдай жасаңыздар, өйткені бұл жер танымдық демалыс орны»,-деді облыс әкімі.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.