Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жемқорлықты болдырмау мақсатында жобалар жүзеге асуда
    Жаңалықтар

    Жемқорлықты болдырмау мақсатында жобалар жүзеге асуда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Өңірде алғаш рет «Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны ұйымдастырылуда. Аталған марафонды Шардара мен Мақтаарал аудандары өткізсе, эстафетаны Сарыағаштықтар жалғауда. Алдағы уақытта 15 аудан, қалалардағы әкім аппараттары мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен барлық мақсатты топтардың атсалысуымен түрлі форматтағы іс-шаралар өтетін болады. Бұл туралы  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

    Сонымен қатар, азаматтармен тығыз жұмыс жүргізіп, кері байланыс орнату мақсатында «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленді. Аталған жоба аясында, белгілі әлеуметтік желілерде (Facebook, VK, Instagram және What’s up, Telegram (8-775-869-21-21) және колл-центр (8 (7252) 51-51-51) арқылы жалпы саны 27 хат келіп түскен.

    Баспасөз жиынында облыстағы әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жағдайы, мемлекеттік қызметтің жай-күйі де назардан тыс қалмады.

    Жаңа жүйе арқасында ауысу тәртібімен тағайындау 2000 жылдарға дейінгі жағдаймен салыстырғанда 58 есе азайған.

    Меритократия қағидаты шеңберінде өткізілген конкурстар нәтижесінде 165 мемлекеттік қызметші төменгі лауазымдардан жоғары лауазымдарға тағайындалған.

    2018 жылдың 1 тоқсанында 2991 тест тапсырған кандидаттың 1262-і (42,1%) тесттен өткен.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Тастеміров департамент бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

    Басқарма басшысының айтуынша, Әдеп кеңесінің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер электрондық қолтаңба арқылы электрондық қызмет алу мүмкіндігі болмаған кезде ХҚКО арқылы алуда. 2017 жылы 626 мыңнан астам адам электронды қолтаңба алса, биылғы жылдың І тоқсанында 266 мыңнан аса тұрғын осы қызмет түріне жүгінген. Бұл деген сөз халық делдалсыз электронды қызметтерді пайдалануда дегенді білдіреді.

    Сондай-ақ, «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ОҚО бойынша филиалының директоры Зәуре Қабылбекованың айтуынша І тоқсанда жергілікті және аумақтық органдардан 343 мемлекеттік қызметші оқудан өткен.

    Б.Жанысбаева

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.