Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»БУРСА ҚАЛАСЫНДА «ЯССАУИ МҰРАЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
    Жаңалықтар

    БУРСА ҚАЛАСЫНДА «ЯССАУИ МҰРАЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркия Республикасының Бурса қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің «Яссауи мұралары және Түркістан» көрмесі ашылды, деп хабарлады «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметі.

    img-20180512-wa0016
    Шараға Бурса қаласының губернаторы Мұстафа Дүндар, қала басшылығы мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен  тарихшы ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

    fb_img_1526116617660
    Көрменің лентасын Бурса қаласының губернаторы Мұстафа Дүндар мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы салтанатты түрде қиып, жиынға қатысушыларды тарихи күнмен құттықтады.

    img-20180512-wa0013
    Алыста жүрсе де рухына тағзым етіп, қасиетіне бас иген түркиялық бауырлар Түркістанның киелі топырағынан келген әрбір құнды дүниеге зор ықылас, ерекше ілтипатпен назар салып, қуаныштарын да жеткізді.
    Көрмеге Қожа Ахмет Яссауидің және Құл Азимнің хикметтері, шамамен 1845 жылдары жазылған, 326 беттен тұратын Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» кітабының түпнұсқасы, С.Бақырғанидың «Диуан» жазбасы, Яссауи хикметтеріне ұқсас парсы тілінде жазылған Әулие Биделдің «Диуани Бидел» хикметтері, шамамен ХҮІІІ ғ. аяғында түркі тілінде жазылған «Диуани Хикметтен» кейінгі Яссауиге қатысты құнды кітап -Бустан уль-Мухиббин қолжазбасы мен көптеген құнды жәдігерлер жеткізілген.

    img-20180512-wa0029
    Сондай-ақ, Қожа Ахмет Яссауи және Түркістан жайындағы суреттермен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи, киелі орындарын бейнелейтін 100-ден аса туындылар қойылған.

    img-20180512-wa0024
    ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымының ұйымдастыруымен «Кастамону-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне 40 жыл толуына орай ұйымдастырылған көрменің мақсаты- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы: «Жа­һан­дағы заманауи қазақстандық мәде­ниет» жобасын іске асыру,  түркітілдес елдердің бас иген Қожа Ахмет Яссауи мұралары мен тарихын танытатын құнды жәдігерлерін айшылық алыс жерлердегі жұртқа насихаттау, киелі, рухани жерлерді дәріптеу, шетел халқына елімізді, мәдениетімізді таныту болып табылады.
    Бұған дейін Түркия Республикасының Кастамону, Анкара қалаларында ашылған көрмені мыңдаған халық тамашалап, киелі өңір келбеті мен жәдігерлеріне қызығушылық танытса, Бурса қаласындағы жәдігерлер де 15 мамырға дейін тұлғалар тарихынан сыр шертпек.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.