Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда ет жеуден жарыс өтті
    Жаңалықтар

    Қазақстанда ет жеуден жарыс өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанда ет жеуден жарыс өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Байқау Ұлытауда «Көкмайса-2018» бірінші этнофестивалі аясында болды.

    Жарысқа бес адам қатысты, олар еліміздің әр өңірінен — Маңғыстау, Шымкент, Жезқазған және Ұлытау. Қатысушылар бес минуттың ішінде табақтағы қойдың етін тауысуға міндеттелді.

    2

    Жарыстың жеңімпазы — 25 жастағы жезқазғандық жігіт Бекзат Жармағамбет. Жарыстағы бірінші орыны үшін ол 30 мың теңге, екінші орындағы ұлытаулық қатысушы 20 мың теңге алды, ал үшінші орын шымкенттік қонаққа бұйырды. Ет жеуден чемпион Бекзат Жармағамбет, Жезқазған. © Айдос Қосубаев.

    4

    3

    Осыдан кейін қымыз ішуден жарыс өтті. Жарыстың бұл түрінде бірінші орынды Қарағанды облысы Ұлытау ауданының тұрғыны Алмас Бимағамбет иеленді. Ол тоқтамай 4,3 литр қымыз ішті.

    «Көкмайса-2018» этнофестивалі тұңғыш рет Ұлытауда 6-9 мамыр аралығында өтті. Танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдың бастамасын қолдаған жергілікті әкімдіктің қолдауымен өткен фестивальге Қазақстанның әр өңірінен келген 1500-2000 жуық адам қатысып, үш-төрт күн бойы көшпенді халық ғұрпымен танысып, ыстық суығын бастан кешірді. Осы шараға қонақ болып келгендер қатарында Мұрат Әбенов, Жәния Әубәкірова, Мұхтар Тайжан сынды танымал адамдар болды. Фестивальдің бірінші күнінде келген қонақтар жергілікті халықтың тіккен киіз үйлерінде, өздерімен алып келген шатырларында, автокемперлерде қоныстанды.

    Көрмеге қойылған қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысқан жұрт, қазақтың жат болып бара жатқан ұлттық ойындарын (Мешкейлер жарысы, Қымыз ішу жарысы, Қатын күрес) тамашалап қана қоймай, өздері де қатысып, жүлделі орын үшін таласты. Этнофестиваль қонақтары Ұлытау жеріндегі Ер Едіге би мен Тоқтамыс ханның жерленген тау шыңына шығып, Алашахан, Жошыхан және Домбауыл кесенелерін аралады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.