Әлеуметтік желілерде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми бұйрығы талқылануда.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың қаңтарында мемлекеттік нөмірлердегі әріптердің қиыстырылуында қосымша әріптерді қолдануға рұқсат берілген болатын. Рұқсат етілген қосымша әріптер: Q, G, J және I. Осыған байланысты жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлердің тізімі кеңейген еді. Бірақ тыйым салынған тіркестер де көбейе түскен көрінеді.
Әлеуметтік желілерде қазір ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің ресми бұйрығы таралып, кеңінен талқыланып жатыр. Бұйрықта әріптердің тыйым салынған үйлесімінің тізімі беріліпті. Тізімге кіргендері: GEI, GEY, GAY, JID, GON, GAD, CON, QUM, GOD, EBI, EPT, IIM, ISK, GOS, IIN, QYS, JUN, BOQ, SIK, SYK, QOR, QAS, QOI, JOI, JYN, HUI, XUI, HUY, HYI, XUY, XER, QUL, QAN, JUT, QYQ, TYQ, JMI, GAI, VOR, BOR, FUK, FAK, FUC, FAC, LOH, LOX, IOX, IOH, COX, KOX, IBU, EBU.
Фото: tolqyn.kz