Биыл қазақстандық түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) ағылшын тілінде де тапсыра алады, деп мәлім етті ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
«Жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы бұрынғысынша қалады. Тек қана сұрақтардың елеулі көлемі ауысты. Былтыр сұрақтардың 25 пайызын ауыстырған едік, биыл тағы да 25 пайызы өзгерді», — деді Е. Сағадиев жұма күнгі брифингте..
Оның айтуынша, ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырғысы келген түлек саны 250-ге жеткен.
«Бізде 250-ге жуық адам алғаш рет ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырады деп күтілуде. Дәл сол сұрақтар енгізіледі, ешқандай жеңілдік берілмейді. Яғни бұл оқушылардың өздерінің ниеті бойынша жасалып отыр», — деді ҚР БҒМ басшысы.
Дереккөз: ҚазТАГ.