Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»АНКАРАДА «ЯССАУИ МҰРАЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
    Жаңалықтар

    АНКАРАДА «ЯССАУИ МҰРАЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.05.2018Updated:10.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркия Республикасының астанасы- Анкара қаласындағы Йылдырым Баязит атындағы Халықаралық университетінде  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің «Яссауи мұралары және Түркістан» көрмесі ашылды.

    img-20180509-wa0014
    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы: «Жа­һан­дағы заманауи қазақстандық мәде­ниет» жобасын іске асыруға бағытталған тарихи шараға  Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің өкілдері мен ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымы бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Йылдырым Баязит атындағы Халықаралық университетінің басшылары мен оқытушылар және студенттер, бұқаралық ақпарат құралдары қатысып, исі мұсылман баласын бас игізген Қожа Ахмет Яссауи мен ер түріктің бесігі атанған Түркістан жайындағы құнды деректермен танысып, ыстық ықыластарын жеткізді.

    img-20180509-wa0008
    «Түркия Республикасының бірнеше қалаларында  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің көрмесін ұйымдастырудамыз. Бастаманың мақсаты-шетел халқына елімізді, мәдениетімізді таныту. Таныта отырып туристер санын ұлғайту болып табылады. ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Оңтүстік Қазақстан облысының киелі орындары бейнеленген туындылар мен құнды жәдігерлер барша келушілердің ерекше назарын аударуда. Қасиетті, киелі жерлерімізге халықтың құрметі жоғары»-дейді, қорық-музей басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы.

    Салтанатты шара аясында лентасы қиылған көрмеге Қожа Ахмет Яссауидің және Құл Азимнің хикметтері, шамамен 1845 жылдары жазылған, 326 беттен тұратын Қожа Ахмет Ясауидің «Диу-ани Хикмет» кітабының түпнұсқасы, С.Бақырғанидың «Диуан» жазбасы, Яссауи хикметтеріне ұқсас парсы тілінде жазылған Әулие Биделдің «Диуани Бидел» хикметтері, шамамен ХҮІІІ ғ. аяғында түркі тілінде жазылған «Диуани Хикметтен» кейінгі Яссауиге қатысты құнды кітап -Бустан уль-Мухиббин қолжазбасы мен көптеген құнды жәдігерлер жеткізілген.

    img-20180509-wa0013
    Сондай-ақ, Қожа Ахмет Яссауи және Түркістан жайындағы суреттермен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи, киелі орындарын бейнелейтін 100-ден аса туындылар қойылған.

    img-20180509-wa0015

    img-20180509-wa0016
    ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымының ұйымдастыруымен «Кастамону-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне 40 жыл толуына орай ұйымдастырылған көрме Түркия Республикасының Кастамону, Анкара қалаларында ашылып, түбі бір түркі жұртының назарына ұсынылса, алдағы күндері Бурса қаласында жалғасын табады.

    «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.