Қырым елінде жүрген қазақстандықтар Керчь қаласында. Қоғамдық делегация мүшелері 9-Мамырда Жеңіс күніне арналған салтанатты шеруге қатыспақ. Онда «мәңгілік полк» құрамында жүріп өтіп, соғыста қаза тапқан жауынгерлерге құрмет көрсетіледі. Керчь — батыр қала. Онда қандасымыз Нұрмаxан Тұрсынбеков ерлікпен қаза тапқан. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының тумасының сүйегі Керчь бұғазындағы Эльтиген елді мекеніндегі бауырластар зиратында жатыр. Жат жұртта қаза тапқан жауынгердің жерлестері Жеңіс күні лейтенант Нұрмаxан Тұрсынбеков жатқан бауырластар зиратына белгі тас орнатпақ.
1942 жылдың мамыр айынан бастап қазан айына дейін қамалдың ішінде 10 мың Кеңес әскері мен мыңдаған бейбіт тұрғындар жан баққан. Жарты жыл бойына жанқиярлықпен күрескен. Жауға «өліспей, беріспейміз» деген ұранды ұстанған. Бастан кешкен оқиғаларын құлақпен естісеңіз бойыңызды қорқыныш сезімі билеп алады.
1967 жылы ашылған мұражай батыр қаланың тариxи орны. Оңтүстікқазақстандықтарда Аджимушкай бекінісін көзбен көріп, Керчь қаласына жасалған шабуыл туралы толығырақ білді.