Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте Жеңіс күніне орай «Ер есімі — ел есінде» салтанатты шарасы өтті
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте Жеңіс күніне орай «Ер есімі — ел есінде» салтанатты шарасы өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2

    Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ер есімі — ел есінде» атты салтанатты іс-шара өтті. Жеңіс күніне арналған шара «Қаһарман Ұлт» шеруімен бастау алып, оған үш мыңға жуық  азамат қатысты.

    02

    Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалы кешенінде өткен салтанатты жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев, қала әкімі Н.Сауранбаев пен майдангерлер, тыл еңбеккерлері, зиялы қауым өкілдері мен соғысқа қатысқан азаматтардың ұрпақтары, облыстық мәслихаттың депутаттары жастар және  БАҚ өкілдері жалпы саны 5 мыңнан аса адам қатысты.

    4

    5

    Бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны ерекше екенін айтқан аймақ басшысы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін және барша оңтүстікқазақстандықтарды Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады.

    6

    07

    «Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері! Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы келісіммен бейбіт өмір сүруде. Отан үшін отқа түсіп, қан майдандағы жеңіске деген табандылықтарыңыз  үшін, алғыс білдіреміз! Ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі жадымыздан ешқашан өшпек емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз!» деп өшпес даңқты ерекше атап өткен болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында  аға ұрпақ өкілдерін әлеуметтік қолдауда, әсіресе денсаулықтарын түзету, сауықтыру және зейнетақы үстемелерін қосу мәселелерін назардан тыс қалдырған емес»,-деді Ж.Түймебаев.

    7

    8

    Мерекелік шарада Әскери үрмелі аспаптар оркестрі тақырыптық марштар орындап, Абай саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасын тапты. Мұнан соң, Ұлы Отан соғысы және тыл еңбеккерлеріне арналған әскери өмірден театрландырылған көріністер қойылып, ардагерлерге дала ботқасы ұсынылды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

    9

    Жалпы облыстан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралды. Оның ішінде жанқиярлық ерлігі үшін оңтүстікқазақстандық 51 азаматқа Кеңес Одағының батыры атағы берілсе, 8 майдангер «Даңқ» орденінің иегері, 1 -і Халық қаһарманы  атанды.

    10

    Жеңістің 73 жылдық  мерекесінде өңірде 174 Ұлы Отан соғысы ардагері мен 15733 тыл еңбеккерлеріне және 4885 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге құрмет көрсетілуде.

    3

    Сонымен қатар, аймақтағы барлық ҰОС ардагерлеріне облыс әкімінің атынан құттықтау хат жолданып, сый-сияпат көрсетілді. Ал әлеуметтік қолдау көрсету бойынша  Ұлы Отан соғысы ардагеріне 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 240 500 теңге көлемінде, ал тыл еңбеккерлеріне 5 АЕК, ол 12025 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.