Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түркияда «Ясауи мұралары және Түркістан» көрмесі ашылды
    Жаңалықтар

    Түркияда «Ясауи мұралары және Түркістан» көрмесі ашылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркия Республикасының Кастамону қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің «Ясауи мұралары және Түркістан» көрмесі  ашылды.

    dsc_1198
    Түркі жұрты бас қосқан тарихи шараға Кастамону қаласының әкімі Тахсин Бабаш пен ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымы бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы қатысып, көрменің салтанатты түрде лентасын қиды.

    dsc_1210

    dsc_1214
    «Кастамону-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне 40 жыл толуына орай ұйымдастырылған көрмеге Қожа Ахмет Ясауидің және Құл Азимнің хикметтері, шамамен 1845 жылдары жазылған, 326 беттен тұратын Қожа Ахмет Ясауидің «Диу-ани Хикмет» кітабының түпнұсқасы, С.Бақырғанидың «Диуан» жазбасы, Ясауи хикметтеріне ұқсас  парсы тілінде жазылған Әулие Биделдің  «Диуани Бидел» хикметтері, шамамен ХҮІІІ ғ. аяғында түркі тілінде жазылған «Диуани Хикметтен» кейінгі Ясауиге қатысты құнды кітап —
    Бустан уль-Мухиббин қолжазбасы мен көптеген құнды жәдігерлер жеткізілген. Сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи және Түркістан жайындағы суреттермен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи, киелі орындарын бейнелейтін 100-ден аса туындылар да түркітілдес елдер назарына ұсынылуда.

    dsc_1225

    dsc_1230
    «Түркістаннан жеткен туындылар барша түркі жұрты үшін ең маңызды жағдай. Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен бірге қасиетті бабаның да рухы жеткендей ерекше әсердеміз. Барша Түркия елін, Кастамону қаласының халқы мен бүгінгі жиынға қатысушы қонақтарды тарихи көрменің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын»-деді, Кастамону қаласының әкімі Тахсин Бабаш.
    «Киелі Түркістаннан жеткен тарихи жәдігерлерді құрмет тұтып, бас ие келген халықтың да қарасы өте мол. Айтулы жылдарға орай ұйымдастырылған көрме аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі ғана емес, Оңтүстіктің тарихи орындары да кеңінен насихатталуда»-дейді, қорық-музейдің басшысы Н.Ахметжанов.
    «Ясауи мұралары және Түркістан» көрмесі ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін  Түркия Республикасының Кастамону, Анкара, Стамбул қалаларында  өтетін болады.

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.