Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі: Базарлар мен сауда орындар заң талабына сай болу қажет
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі: Базарлар мен сауда орындар заң талабына сай болу қажет

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өңірде орналасқан сауда орындар мен базарларды заң талабына сай реттеу бойынша жиын болып өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

    Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өңірде орналасқан сауда орындар мен базарларды заң талабына сай реттеу бойынша жиын болып өтті.

    Жиынды ашқан өңір басшысы жалпы облыс бойынша 120 базар мен сауда орындары бар екенін айтып, оның басым көпшілігі тиісті нормативтік стандартқа сай келмейтінін атап өтті.

    «Бүгінгі мәжіліс Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының базарларды тұрақты сауда объектілеріне көшіру нормаларын қолданысқа енгізу жөніндегі түбегейлі шараларды қабылдау» туралы арнайы тапсырмасының орындалуы бойынша өткізіліп отыр. Аталған тапсырманы орындау үшін, облыс орталығындағы және аудан, қалаларда орналасқан сауда орындары мен жалпы базарлардағы санитарлық талаптарды, коммуналдық шаруашылық, сәулет-құрылыс, заңсыз құрылыс, жерді өз бетінше басып алу, жерді нысаналы мақсатында пайдаланбау, қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы және басқа да өзекті мәселелер талаптарға сай өз шешімін табуы тиіс»,-деді әкім.

    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова қаладағы 29 базардың 15-і Бас жоспарға сәйкес келмейтінін, ал 14 базар құрылымдауды қажет ететінін мәлім етті. Сонымен қатар, ол Шымкент қаласының бөлшек сауда көлемі 329,1 млрд. теңгені құрайтынын, оның 69 пайызы шағын, орта және ірі сауда кәсіпорындарында, ал 31 пайызы базарларда жасалған сауда көлемі екенін айтты.

    Бұдан бөлек, ОҚО ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі  Нұрболат Дербісов  облыс және Шымкент қаласы аумағындағы сауда нысандарының өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы баяндама жасады.

    Оның айтуынша, Бас прокуратура мен Ішкі Істер министрінің тапсырмасына сәйкес Департамент қызметкерлерімен облыс аумағындағы жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған 106 ірі ойын-сауық сауда орталықтарының 101-не өрт техникалық тексерулер жүргізілген.

    Сонымен қатар, ол тексеру кезінде Мемлкеттік өрт бақылау инспекторларымен объектінің эвакуациялық шығу, өрт сөндіру автокөліктерінің ғимаратқа  және су көздеріне жету жолдарына,  автоматты дабыл қаққыш және сөндіру қондырғыларына, алғашқы өрт сөндіру жабдықтарына, базарларда өртке қарсы арақашықтықтарының сақталуына, объект қызметкерлерінің төтенше жағдай және оқиға кезінде іс әрекеттерінің біліктілігне аса назар аударылғанын атап өтті.

    Жиынды қорытындылаған облыс басшысы барлық құзырлы органдар мен жауапты сала басшыларына базар жұмыстарын реттеу бағытындағы барлық заңдармен қаралған құқықтарын өз дәрежесінде қолдана отырып, белсенді түрде жұмыс жасауды, ондағы санитарлық талаптың сақталуын қадағалауды және базар маңындағы автотұрақ мәселесін реттеуді тапсырды.

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.