Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызмет жақсара түсуде
    Жаңалықтар

    ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызмет жақсара түсуде

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Уақыт өткен сайын өңірімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың қатары артып келеді. Мәселен, 2017 жылдың қорытындысымен 50 мыңнан астам адамға мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 2016 жылы бұл көрсеткіш 47 мыңға жуық болғанын ескерсек, 6,7 пайызға арттқанын аңғаруға болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Темірбаева мәлімдеді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

    Департамент басшысының сөзінше, мүгедектер санының артуына негізінен 3 түрлі себеп ықпал етуде. «Мүгедек жандардың қатарын көбейтіп жатқан ең бірінші себеп қан айналымы жүйесінің аурулары болып отыр. Жарымжандардың 20,8 пайызы жоғарыда аталған кеселмен ауыратындар. Түрлі деңгейде жарақат алып мүгедектікке шалынған азаматтар 13,8 пайызбен екінші орында тұр. Үштікті 13,3 пайызбен психикалық және мінез-құлқының бұзылуы түйіндеді. Қазіргі таңда мұндай азаматтардың барлығы қадағауға алынып, тиісті деңгейде әлеуметтік көмектер көрсетілуде», – деді Әсия Темірбаева.

    Жалпы 2017 жылдың және 2018 жылғы бірінші тоқсаны қорытындысымен департамент халыққа әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша 12 мемлекеттік қызмет түрінен 270 мыңнан астам қызметтерді көрсеткен.

    Сондай-ақ, мекеме басшысы өңіріміздегі мүгедектердің 19194-і немесе 15,8 пайызын балалар құраса, қалғаны 18 жастан жоғары ересектер екенін жеткізді. Мамандардың арнайы теусеру жұмыстары кезінде облыстағы түрлі бағытта қызмет көрсететін мекемелердің сол мүмкіндігі шеутеулі азаматтарға қатысты талаптарды сақтамағанын анықтаған. Оның басым бөлігі пандустардың жоқтығына немесе талапқа сай орнатылмағанына қатысты. Өңірімізде 4 мыңнан астам түрлі саладағы мекеме болатын болса, соның 80 пайызы жоғарыда аталған талапқа сай келмейтіндігі белгілі болған. Олардың барлығына заң аясында тиісті шаралар көрілген.

    Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында 120 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бұл өңірдегі халық санының 4,2 пайызын, ал республика бойынша жалпы мүгедектер санының 18,4 пайызын құрайды.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.