Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ардагерлердің қандай көлемде бiр реттiк төлем алатыны белгiлi болды
    Жаңалықтар

    Ардагерлердің қандай көлемде бiр реттiк төлем алатыны белгiлi болды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.05.2018Updated:05.05.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл Жеңiс күнiне орай соғыс ардагерлерiне әдеттегiдей бiр реттiк төлем берiледi. Төлем мөлшерi әр өңiрде әртүрлi болады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Светлана Жақыпова қай аймақ қандай көлемде төлем жасайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

    «Бүгiнгi күнi өкiнiшке орай, елiмiзде Отан соғысы ардагерлерiнiң саны азайып барады. Қазiргi таңда 2067 Ұлы Отан соғысының ардагерi ғана қалды. Оның iшiнде 1494-i — Отан соғысының қатысушылары, ал 573-i — Отан соғысының мүгедектерi. Және де Қазақстанда 39 мың 723 адам — соғыс қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлгендер. Ал, 166 мың 700 Отан соғысы қатысушыларына теңестiрiлген басқа санаттағы азаматтар. Оның iшiнде 140 мың 606 тыл еңбеккерi бар», — дедi Жақыпова.

    Вице-министрдiң айтуынша, өңiрлерде ардагерлер ең көп тұратын — Алматы қаласы, онда 268 соғыс ардагерi тұрады. Шығыс Қазақстанда — 176, Оңтүстiк Қазақстанда — 124 ардагер бар. Жақыпованың мәлiметiнше, басқа қалалар мен өңiрлерде де ардагерлер саны аз емес. Ең төменгi саны Маңғыстау облысында тiркелген. Бұны вице-министр жалпы облыста адам санының аз болуымен түсiндiрдi. Аталған аймақта 17 соғыс ардагерi мен 7 соғыс мүгедегi тұрады.

    «Жеңiстiң 73-жылдығына орай ардагерлерге бiр реттiк төлем жасау үшiн 2,7 млрд теңге бөлiндi. Облыстар бойынша айтсақ, бiр реттiк төлем мөлшерi 2 қалада 500 мың теңгеден асып отыр. Олар — Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы. Ал басқа өңiрлерде төлемнiң орташа мөлшерi 150 мың теңгенi құрайды. Және де айта кетсек, Отан соғысы ардагерлерi оған қоса жергiлiктi бюджет пен демеушiлiк көмектiң есебiнен 2,6 млрд теңге сомасында әлеуметтiк қолдаудың қосымша шараларымен қамтылған», — дедi Светлана Жақыпова.

    Вице-министр бiр реттiк төлем мөлшерiнiң әр өңiрде әртүрлi болуының себебiн түсiндiрдi. Оның айтуынша, айырмашылық экономикалық жағдайға, оның iшiнде облыстың экономикалық мүмкiндiктерiне байланысты.

    Ведомство мәлiметiнше, Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерiне келесi мөлшерде төлемақы берiледi:

    Ақмола облысы — 182 мың 789 -250 мың теңге, Ақтөбе облысы — 124 мың теңге, Алматы облысы — 150 мың теңге, Атырау облысы — 100 мың теңге, Шығыс Қазақстан облысы — 540 мың теңге, Жамбыл облысы — 150 мың теңге, Батыс Қазақстан облысы — 150 мың теңге, Қарағанды облысы — 150 мың теңге, Қостанай облысы — 150 мың теңге, Қызылорда облысы — 192 мың 400 теңге, Маңғыстау облысы — 240 мың 500 теңге, Павлодар облысы — 150 мың теңге, Солтүстiк Қазақстан облысы — 240 мың 500 теңге, Оңтүстiк Қазақстан облысы — 240 мың 500 теңге, Астана — 511 мың 135 теңге, Алматы — 250 мың теңге.

    Сондай-ақ, қоршауда қалған Ленинград тұрғындары, концлагерьдiң кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары, қайтыс болған соғысқа қатысушылардың жұбайлары, соғыс кезiнде қаза болғандардың жесiрлерi, тыл ардагерлерi мен басқа да соғыс қатысушыларына теңестiрiлгендер де әртүрлi мөлшерде бiр реттiк төлем алады. Оларға берiлетiн төлем көлемi 7 мың 215 теңге мен 120 мың 250 теңге аралығында құбылады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.