Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемлекет басшысы жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер мен мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты
    Жаңалықтар

    Мемлекет басшысы жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер мен мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.05.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Рәсімге қатысушыларға арналған сөзінде Елбасы Қазақстанда Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күнін мерекелеудің маңыздылығын ерекше атап өтті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

    c0523b9a45067d5ced240e0b3a72af60

    – Мен бүгін Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде жоғары әскери және арнаулы атақтар, сондай-ақ қызметтегі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалар тапсырамын. Осындай жоғары марапатқа еліміздің бейбіт өмірі мен тыныштығын сақтайтын әскеріміз бен арнаулы қызметтердің үздік өкілдері ие болып отыр, – деді Қазақстан Президенті.

    4a2c349e15aacc39dd63e8632c7076d8

    Нұрсұлтан Назарбаев әлемде белең алып келе жатқан тұрақсыздық жағдайында мемлекеттің әскери-күш саласы ерекше маңызға ие болатынын айтты.

    – Біздің әскеріміз бен құқық қорғау құрылымдарымыз ел қауіпсіздігінің берік қалқаны әрі егемендігіміздің мызғымас кепілі болып саналады. Мемлекет барша қазақстандықтардың бейбіт өмірі мен тыныштығын сақтау жолындағы сіздердің ерліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды, – деді Мемлекет басшысы.

    19aacb0794686f3313a74d914fb391b8

    Қазақстан Президенті еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде әрбір әскери қызметшінің зор рөл атқаратынын атап өтті.

    – Жауынгерлер әрдайым Отан үшін отқа түсуді парыз санаған. Бұл – жәй сөз емес. Біз мұны Ұлы Отан соғысы тарихындағы ерлік істерден және ата-бабамыздан қалған мұралардан білеміз. Әрқашан осылай болған және бола береді. Еліміз өз армиясы мен құқық қорғау органдарын бағалап, құрмет тұтады, сондай-ақ сіздерді адал әрі қалтқысыз қызмет етеді деп сенеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    5706de160acbd96e8d2e6d0df320bd9e

    Соңында Мемлекет басшысы салтанатты шараға қатысушылардың барлығын Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

    Рәсім барысында ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен – М.Таласов, М.Құсайынов, М.Сатов, Қ.Жақыпбаев, І дәрежелі «Айбын» орденімен – Д.Кұрмашев, А.Төлеуов, II дәрежелі «Айбын» орденімен – Ж.Жақыпов, А.Калинин, Д.Пластовец, «Құрмет» орденімен – Э.Омарова, «Ерлігі үшін» медалімен – Ғ.Әлеуханов, В.Калмыков, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен – Н.Залмұқанов марапатталды.

    a81acad7f5cf2c42783d7bfc6bb91213

    Жоғары арнаулы әскери атақтар мен сыныптық шендерге ие болғандар тізімі:

    Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    генерал-лейтенант әскери атағы

    Жанжүменов Талғат Жеңісұлына;

    ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы:

    Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлына,

    Өсіпов Марат Сапарұлына;

    сыртқы барлау генерал-лейтенанты арнаулы атағы

    Байжанов Ғабит Жақыпбайұлына;

    2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені

    Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлына;

    генерал-майор әскери атағы:

    Абыкеев Ұларбек Ташықұлұлына,

    Әбубәкіров Қаныш Асанханұлына,

    Бочаров Дмитрий Владимировичке,

    Көпбаев Қайрат Рашидұлына,

    Қалиев Арман Зарлықұлына,

    Ізтілеуов Серік Бақытжанұлына;

    авиация генерал-майоры әскери атағы

    Подгайский Евгений Евгеньевичке;

    ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:

    Оңғарбаев Сабыржан Ибрагимұлына,

    Рақымбердиев Бақытбек Төлешұлына;

    сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы

    Оразов Нұрлан Оразұлына;

    полиция генерал-майоры арнаулы атағы:

    Абисатов Махамбет Хайыржанұлына,

    Баймурзин Арманбек Хакімбекұлына,

    Қабденов Мұрат Талапұлына,

    Сүлейменов Жанат Қуанышұлына;

    3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:

    Дембаев Болат Бекназарұлына,

    Жылқыбаев Азамат Сембайұлына;

    3-санатты жоғары біліктілік сыныбы

    Әзбергенов Дулат Байдалыұлына

    берілсін.

     

    Қазақстан Республикасының

               Президенті                                                      Н.Назарбаев

     

    Астана, Ақорда, 2018 жылғы   3 мамыр

    Дереккөз: akorda.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.