Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Н.Жолдасов Қырымға аттанатын оңтүстікқазақстандық делегацияны қабылдады
    Жаңалықтар

    Н.Жолдасов Қырымға аттанатын оңтүстікқазақстандық делегацияны қабылдады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.05.2018Updated:02.05.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Сәрсенбінің сәтінде «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов Қырым Республикасына аттанғалы отырған бір топ делегацияны қабылдады.

    03

    Игі тірлікке жол тартып бара жатқан топты Облыс мәслихатының депутаты Дулат Әбіш жетекшілік етуде. Делегация құрамында ҚР «Білім беру ісінің үздігі», Елбасының курстасы, ОҚО «Құрметті азаматы» Марат Қыстаубаев, Қырым Республикасына қарасты Керчь қаласында ерлік көрсетіп қаза тапқан Нұрмахан Тұрсынбековтың туысы Айымхан Баймаханова, еңбек ардагері Махмұдбек Мухамедов, Созақ ауданының «Құрметті азаматы» Жұмабек Жүнісұлы тағы басқа азаматтар бар.

    Айта кетейік, Ресей Федерациясының құрамындағы Қырым Республикасына жол жүргелі жатқан топтың негізгі мақсаты – батыр жауынгерлердің ерлігін насихаттап, арнайы фильм әзірлеу. Түлкібас ауданында дүниеге келіп, Керчь қаласына қарасты Эльтиген селосында қаза тапқан қандасымыздың жатқан жеріне барып, белгі тас орнатпақ. «Ұлы балалар ізімен…» жобасы аясындағы жат жұртта қалған тарихи тұлғалар  насихатталмақ.

    img-20180502-wa0010

    3-12 мамыр аралығында Қырым елінде болатын топқа облыстағы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов сәтті сапар тілеп, Шымкенттегі «Даңқ» аллеясындағы мәңгі алауға гүл шоқтарын қойды.

    11

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.