Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Президенттің қатысумен мерекеге арналған театрландырылған қойылым басталды
    Жаңалықтар

    Президенттің қатысумен мерекеге арналған театрландырылған қойылым басталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Астанада «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Рухани жаңғыру – бірлік пен тұтастық негізі» атты театрландырылған қойылымы өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.

    1 мамыр мерекесіне арналған халықтық серуен «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда сағат 11.00-де басталды. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық мәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының, Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы артистерінің және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Рухани жаңғыру – бірлік пен тұтастық негізі» атты театрландырылған қойылымды тамашалады. Концерттік бағдарламаны Турецкий хорының «Праздник песни» ән кеші жалғастырады. Ерлер ұжымымен бірге сахна төрінде Турецкийдің SOPRANO әйелдер тобы өнер көрсетпек. Әйгілі ресейлік топтан кейін сахна төрінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өнер көрсетеді.

    Одан басқа «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда қазақ күресі, арқан тартыс, асық ату, гір тасын көтеру және қол күрес сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі.

    Осы күні сағат 13.00-де «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда «Достық шеруі» велошеруі бастау алады. Шара елордада велосипед тебу маусымын ашады. Сонымен қатар сағат 15:00-де домбырашылардың орындауында «Ұлы дала үні» атты флешмоб ұйымдастырылады. Шара барысында 500 адам Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйін көпшілік назарына ұсынатын болады.

    Бұдан басқа, қаланың кітапханаларында, музейлерінде, театрларында және басқа да мәдениет мекемелерінде бірлік пен достық мерекесіне арналған тақырыптық көрмелер, спектакльдер мен концерттер өткізіледі.

    1 мамырда Қуыршақ театры өз көрермендеріне «Вместе мы одна страна» атты қуыршақтар концертін ұсынады. М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Золотой цыпленок» спектаклінің, ал Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ театрында «Қызыл алма» комедиясы өтеді.

    2 мамырда Сәкен Сейфуллин музейінің ұжымы қалалық мәдениет орталықтарының өкілдерімен «Бақыт мекені – Астана» тақырыбында кездесу өткізеді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.