Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Айлықты 50 пайызға өсіруге жол ашар тестке 60 мыңнан астам мұғалім жазылды — Сағадиев
    Білім

    Айлықты 50 пайызға өсіруге жол ашар тестке 60 мыңнан астам мұғалім жазылды — Сағадиев

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Министрдің айтуынша, «бес әлеуметтік бастама» аясындағы тың жобалар білім саласының дамуына тың серпін берері анық.

    Айлықты қосымша 50 пайызға өсіруге мүмкіндік беретін Ұлттық полификациялық тестке 60 мыңнан астам мұғалім жазылды. Бұл туралы елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Мұғалімдердің айлықтарының өсуі 300 мыңға жуық жаңартылған білім мазмұнында оқитын мұғалімді қамтиды. Олардың 18 мыңы — тәжік, өзбек, ұйғыр тілдерінде сабақ береді. Мамыр айында айлықты қосымша 50 пайызға өсіруге мүмкіндік беретін Ұлттық полификациялық тестке 60 мыңнан астам мұғалім жазылды. Біз мұны күткен жоқпыз. Бұл дегеніңіз біздің мұғалімдердің жасқанбайтынын, өз пәнін білетінін, өз-өзіне толығымен сенімді екенін көрсетеді», — деді Ерлан Сағадиев.

    Министрдің айтуынша, «бес әлеуметтік бастама» аясындағы тың жобалар білім саласының дамуына тың серпін берері анық.

    «Қазіргі таңда жаңа гранттарды бөлуге, студенттерді жатақханамен қамтуға байланысты министрлік нақты жоспарды әзірледі. Үкімет қаулысы қабылданды. Қосымша 20 мың грант мамандықтар бойынша бөлінді. Әсіресе, техникалық мамандықтарға маңыз беріліп отыр. Біз жұмысқа тұру жағын да, технологиялық дамуымен бірге экономиканың құрылымды түрдегі өзгерісіне қарай инженерлер, химиктер мен ІТ саласындағы мамандарды жұмыспен қамту жағын ескердік», — деді Ерлан Сағадиев.

    Айта кетсек, елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясы өтіп жатыр.

    «Бес әлеуметтік бастама — қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деген күн тәртібімен басталған сессия жұмысына 1 500-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында елдің барлық өңірлерінен келген Ассамблеяның ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауымның және БАҚ-тың өкілдері бар. Сессия соңында салтанатты концерт өтеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.