Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАНДА ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАНДА ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің кітапханасында белгілі жазушы, Қазақстанның Халық батыры Қасым Қайсеновтің 100 жылдығына арналған «Қазақтың қайсар ұлы  — Қасым батыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
    Шараға Түркістан қаласындағы кітапхана өкілдері, студенттер мен оқушылары және музей қызметкерлері қатысты.
    Аталған кітап көрмесінде «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қорынан Қасым Қайсеновтің ерлігі туралы материалдар, оның шығармалары, туыстары мен достарының естеліктері және мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары орналастырылған. Сонымен қатар, Қасым Қайсенов жайында дайындалған қысқаша бейнеролик те көрермен назарына ұсынылды.

    img-20180428-wa0012
    Қасым  Қайсенов  1918 жылы 23 сәуірде Шығыс  Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында дүниеге келген. 1934 жылдың Толық емес орта мектепті бітіргеннен кейін Өскемен қ. саяси-ағарту техникумына оқуға түседі.
    1939-1940 жж. Мәскеудегі әскери  диверсиялық- барлау мектебінде оқыған. Ұлы Отан соғысы кезінде, 1941 жылдың қарашасында оны Солтүстік-Батыс майданының штабына жібереді. Ол партизандар отрядын басқарып, арнайы тапсырмамен  дұшпандардың қоршауында қалған Украина жеріне жіберілді. Украина, Беларусия, Молдавия, Чехославакия және тағы да басқа жерлерді азат етуге қатысты. Соғыс аяқталғаннан кейін Қасым Қайсенов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының аппаратында қызмет істейді, кейін Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары,  1953-1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істеген.
    Аты аңызға айналған партизан,  жазушы Қасым Қайсенов Қазақстанда ғана емес, бұрынғы Кеңестер Одағының түкпір — түкпіріне кеңінен танылған. Әскери тақырыпқа арналған кітаптарға деген қызығушылығы айрықша оның шығармашылығы мемуарлар, деректі және көркем проза мен публицистика сынды түрлі жанрларды ұштастырады.
    Жазушы шығармаларындағы кейіпкерлері – партизан отрядындағы жауынгер мен замандастары, шынайы адамдар.
    Қ.Қайсенов «Жас партизандар» атты алғашқы кітабын 1954 жылы басып шығарады. Оның «Илько Витряк» (1955), «Переяслав партизандары» (1956), «Ажал аузынан (1959), «Жау тылындағы бала» (1961), «Жау тылында» (1973), «Партизан жорықтары» (1978) және т.б. кітаптары оқырмандарға кеңінен танымал. Жазушының шығармалары әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.
    Қасым Қайсенов ІІ-дәрежелі «Богдан Хмельницкий» орденімен, І-ші және ІІ-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Чехословакия партизаны», екі І-ші дәрежелі «Отан соғысы партизанына» медалімен және Кеңес Одағының тағы басқа медальдарымен, Грамоталарымен ІІ-ші және ІІІ-ші дәрежелі «За заслуги» орденімен марапатталған.
    ҚР Президентінің 1995 ж. 24 сәуірдегі Жарлығымен жазушы Қ.Қайсеновке «Халық каһарманы» ерекше белгісі тағайындалып, «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені берілген.
    Жиын барысында батырдың өмір дерегі туралы ақпараттар кеңінен беріліп, жастарға таныстырылды.
    «Қазақтың қайсар ұлы  — Қасым батыр» кітап көрмесі бір айға жалғасады.

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.