Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сот органдарының ғимаратында келушілерді өткізу режімі өзгерді
    Жаңалықтар

    Сот органдарының ғимаратында келушілерді өткізу режімі өзгерді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстандағы сот органдарының ғимаратына келушілерді өткізу режимінің жаңа қағидалары қолданысқа енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, «Қазақстан Респуликасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды (Қағида) бекіту туралы» Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығы қолданысқа енді.

    «Қағидаларды әзірлеу кезінде «Үлгілі сот» жобасын қоғамдық талқылау шеңберінде судьялардан, адвокатура және Сот репортерлерінің гильдиясынан келіп түскен ұсыныстар ескерілді. Қағидаларды қабылдауға «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында соттарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді қолдану ықпал етті»,-діленген хабарламада.

    Қағида келушілер, процеске қатысушылар, сот процесіне қатысатын өзге де адамдар, сондай-ақ ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдар үшін республика сот органдарының аумағы мен ғимараттарындағы өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібін регламенттейді.

    Осы Қағидаларға енгізілген жаңа ұғымдардың біріне сәйкес, сот ғимаратының көпшілік кіретін бөлігі дегеніміз — күту залдары, сот отырыстарының залдары, хат-хабарларды қабылдау және беру үй-жайлары, фронт-офистер. Ғимараттың дәл осы бөлігіне сот процесіне қатысушылар жазатын құрылғыларды, есептегіш техниканы, мобильдік құрылғыларды (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер), ақпаратты машиналық тасымалдағыштарды (флеш-карталар, USB-дискілер т.с.с.), сондай-ақ деректер беруді қамтамасыз ететін және Интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар басқа да техникалық құрылғыларды алып кіруіне болады.

    Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді сот аумағы мен ғимараттарына мобильдік құрылғыларымен, бейне-, кино және фотоаппаратураларымен бірге кіру құқығына ие. Оларды БАҚ өкілдерінің пайдалану мәселесін төрағалық етуші судья ҚР ҚПК-нің 345-бабына, ҚР АПК-нің 19-бабына және ҚР ӘҚБтК-нің 21-бабына сәйкес шешеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.