Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Моноқалаларды дамыту: Б. Сағынтаев Жезқазған өңірінің активімен және жұртшылығымен кездесу өткізді
    Жаңалықтар

    Моноқалаларды дамыту: Б. Сағынтаев Жезқазған өңірінің активімен және жұртшылығымен кездесу өткізді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.04.2018Комментариев нет4 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қарағанды ​​облысына жұмыс сапары аясында Жезқазған өңірінің активімен және жұртшылығымен әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

    Кездесу барысында облыстың моноқалаларын дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, нарық жағдаятының өзгерістеріне және жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты мамандарды даярлау және қайта дайындау мәселелері талқыланып, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру нәтижелері мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» орындау тетіктері қаралды.

    Атап айтқанда, кездесуге қатысушылар Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Астана бағыты бойынша «Сарыарқа» магистральді газ құбыры жобасын іске асыру аясында өңірді газдандыру және ішкі газ тарату желілерін салу жоспарлары туралы әңгімеледі.

    Бақытжан Сағынтаев кездесуді ашу кезінде Елбасының «Бес әлеуметтік бастама» үндеуін іске асыру мақсатында тиісті тетіктер әзірленіп, нақты іс-шаралар мен орындау мерзімдерін қамтитын Жол картасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Қажетті заңнамалық өзгерістер жасалды. Бюджет қаражаты бөлінді. Үкімет алға қойылған міндеттерді орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

    Бұдан өзге, білім берудің қолжетімділігін арттыру, үй-жай жағдайларын жақсарту: жаңа жатақханалар мен «7–20–25» тұрғын үй бағдарламасы секілді студент жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер талқыланды.

    Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жұмыс жоспарлары туралы баяндады. Жезқазған өңірінде 2017 жылы өнеркәсіптік өндіріс өнімінің көлемі 5% артып, 382,3 млрд теңгені құрады, ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 10,6% құрап, инвестициялар 14%-ке артты. Осы жылдың І тоқсанындағы индикаторлар экономика дамуының оң қарқынын көрсетеді.

    Өңірде моноқалалар экономикасын әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылы қабылданған үш жылдық жоспар шағын және орта бизнесті, сервистік экономиканы, әлеуметтік нысандардың құрылысы мен инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ жұмыспен қамтуға бағытталған. Жоспардың орындалуы өнеркәсіп өндірісінің көлемін 13,2%-ке арттыруға мүмкіндік береді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемін 63,1%-ке ұлғайту жоспарда бар. 1500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

    «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» орындау туралы есеп беру барысында Е. Қошанов газ құбырын салу жобасын іске асыру облыс тұрғындарының 70%-ын қамтитынын айтты. Жезқазғанда бірінші кезеңде орталықтан жылумен қамтамасыз етілмеген көшелер мен шағын аудандарды қосымша қамту арқылы қалаішілік желілерді салу көзделген. Мұнда 2,5 мыңға жуық үйді газдандыру жоспарланып отыр. Келесі саты — Сәтбаев қаласы мен көрші елді мекендерді газдандыру.

    «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бас директоры Б. Қырықпышев өңірдегі тау-кен металлургия саласын дамыту перспективалары, өндірістік процестерді автоматтандыру және цифрландыру, еңбек өнімділігін арттыру және мамандарды қайта бағдарлау туралы айтып берді.

    ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек облыстың технологиялық жаңғырту, инвестициялар тарту, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бағыттары бойынша ағымдағы көрсеткіштері мен міндеттері туралы баяндады.

    Ұлттық экономика вице-министрі Р. Дәленов Қарағанды ​​облысының моноқалаларын дамыту туралы ақпарат берді. Аймақтың сегіз моноқаласында облыс халқының 42%-ы тұрады.

    Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында моноқалаларда жалпы сомасы 43,4 млрд теңгеге, 2 мыңнан астам жұмыс орындарын ашумен 18 «зәкірлік» жоба жүзеге асырылып жатыр; 9 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен, қала түзуші кәсіпорындардың қосалқы өндірістерді орналастыруы бойынша 46 жоба енгізілді. Кәсіпкерлерді барлық моноқалаларда кешенді қолдау үшін Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары құрылған. Жалпы алғанда, 2015 жылдан бастап бизнесті қолдау шараларының нәтижесінде облыстың моноқалаларының белсенді әрекет етуші шағын кәсіпорындарының саны 2,4 мыңнан 3,1 мыңға дейін немесе 32%-ке ұлғайды.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова өнімді жұмыспен қамтуды және еңбекке жұмылғыштықты дамыту, мамандарды жаңа экономикаға дайындау және қайта даярлау мәселелеріне тоқталды. Шағын несие беруді көбейту мақсатында Қарағанды облысына 5,7 млрд теңге қарастырылған, бұл биыл қолдау шараларымен 1312 адамды қамтуға мүмкіндік береді (1094 — ауыл халқы, 218 — қала халқы).

    Өз кезегінде, мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын өңірде іске асыру нәтижелері туралы баяндады. Жарты жыл ішінде Қарағанды облысының жетекші өкілдері өз қаражаттары есебінен 15-тен астам жаңа әлеуметтік маңызды нысандар ашты. Жалпыұлттық маңызы бар киелі нысандардың тізіміне Қарағанды облысының 43 ескерткіші енді. Туризмді дамыту мақсатында «Ұлытау» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық–музейі аумағында визит–орталық салу көзделген.

    Сондай-ақ, кездесуде өңір жұртшылығының өкілдері сөз сөйледі. Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Зинаида Чумакова, Жезқазғанның құрметті азаматы Сағындық Қожамсейітов, Ұлытау тұрғыны Шаяхмет Үмбетов өңірді газдандыру, «Сарыарқа» газ құбыры бойында ШОБ дамыту, сондай-ақ Жезқазған — Қызылорда автожолының сапасы мәселелерін қозғады.

    Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев жалпы Жезқазған өңірінің дамуы оң қарқын көрсететінін айтып, министрліктер мен облыс басшыларына алға қойылған жоспарларды орындау мен аталып өткен мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.