Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Тұлпар» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
    Жаңалықтар

    «Тұлпар» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.04.2018Updated:26.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстікқазақстандық  72 отбасы жаңа пәтер кілттеріне ие болды. Яғни, Шымкент қаласындағы «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, баспана кезегінде тұрған отбасылар шаттыққа кенелді. Аталмыш нысан «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде салынған. Өткен жылы құрылысы басталып айналасы 8 ай  ішінде пайдалануға берілген жаңа қоныс  иелерін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтап, қуанышқа ортақтасты.

    01Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінде әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері де қарастырылған. Бұл бағытта тек ОҚО-ның өзіне биыл жеке салымшылар есебінен 104 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.  Оның ішінде 16 тұрғын үй жоспарлы түрде  пайдаланылуға берілді. Солардың бірі Тұлпар мөлтек ауданындағы 1,2 және 3 бөлмелі «Тұлпар»тұрғын үй кешені.  Ауданы 39-68 шаршы метрді құрайтын сапалы, заманауи деңгейде салынған пәтерлер «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша берілді. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа қоныс иелерінің қуанышымен бөлісіп, әр отбасыға тыныштық тіледі.

    02Бүгінде  жеке инвесторлар «Бес әлеуметтік бастама» нәтежиесінде облыста тұрғын үй құрылысын салуға қызығушылық танытуда. Сондықтан айтулы шараға тұрғын үй бағытында жұмыс жасайтын еліміздегі екінші деңгейлі банк өкілдері де арнайы келген. Олар тұрғын үймен қамту ісіне біршама жеңілдіктер ұсынып отыр. Яғни, алдағы уақытта осындай 7%-дан аспайтын аз мөлшердегі үстемемен сатылатын жаңа қоныстар санын көбейтіп, халықты баспанамен қамту мақсатында көптеген жобалар іске асырылатын болады.

    4444Шымқаланың көркін толықтырған «Тұлпар» тұрғын үй кешенінен Досжановтар отбасына да 3 бөлмелі пәтер бұйырды. Өздерінің тұрақты баспаналарының болғанын армандайтын отбасы бүгінде өз армандарына қол жеткізіп отыр. Үй аумағында Зообақ, емхана, балабақша, дүкен және мектеп орналасқандықтан, өте қолайлы жер деп өз таңдауларын осы үйге жасаған.

    Аруна ПЕРНЕБЕК.

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.