Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Қазақстан шетелден 1 млн бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алмақ
    Агро

    Қазақстан шетелден 1 млн бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алмақ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.04.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Алдағы он жылда еліміз шет елдерден 1 млн бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов айтты.

    «10 жылдың ішінде ірі қара мал басы санын екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда елімізде 7 млн ірі қара мал бар. Малдың санын 10 жылдан кейін екі есеге арттырсақ, оның саны 15 млн-ға жетеді. Осы орайда бағдарлама аясында 1 млн-ға жуық ірі қара мал басын шетелден әкеліп, оларды шаруаларға береміз. Осылайша, тиісті жұмыс жүргіземіз», — деді Еркебұлан Ахметов.

    Айта кетейік, бүгін үкімет отырысында етті мал шаруашылығын дамыту стратегиясының жобасы мақұлданды. Бұл бағдарлама жүзеге асса, елімізде мал шаруашылығымен айналысатын 80 мың ферма құрылады.

    Сондай-ақ аталған бағдарлама аясында он жыл бойы жылына шетелден 100 мың бас ірі қара мал импорттау көзделген. Шетелдік ірі қара малды елге осы салада тәжірибесі бар ірі бизнес өкілдері жеткізеді. Асыл тұқымды малды өз кезегінде фермерлер несиеге немесе ақшаға сатып ала алады.

    Естеріңізге сала кетейік, асыл тұқымды ірі қараны сатып алу бағдарламасы бұған дейін де елімізде болған. Осыдан бес жыл бұрын АҚШ пен Еуропадан Қазақстанға 55 мың ірі қара мал импортталған.

    Дереккөз: Baq.kz.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.