Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыстың су қауыздарында 7 қайғылы оқиға тіркелген
    Жаңалықтар

    Облыстың су қауыздарында 7 қайғылы оқиға тіркелген

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.04.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Өткен жылдың шомылу маусымында өңірде 34 адам қаза тапқан. Өкініштісі, олардың 18-і  кәмелет жасқа толмағандар. Мамандардың мәліметінше, қайғылы оқиғалар құтқарушылармен бақыланбайтын аймақтарда орын алыпты. Тілсіз жауға тұншығып, қыршын кеткен марқұмдардың басым бөлігі,  ата-ананың қарауынсыз қалғандар, дейді ТЖД -нің қызметкерлері.

    2

    Түстік өңірде жалпы шомылу кезеңі көктемнің сәуір айынан басталып, күздің қыркүйегіне дейін жалғасады. Күннің шырайы кіргенде адамдардың демалыс аймақтары мен шомылуға асығатыны жасырын емес. Дегенмен, дәл осы кезеңде қайғылы оқиғалардың қатары да еселене түседі. Департаменттің шұғыл деректері бойынша биылдың өзінде , облыстың су қауыздарында 7 оқиға тіркеліпті. Оның ішінде кәмелет жасқа толмаған, өрімдей  5  жеткіншек қаза тапқан.

    3

    Балалар әрдайым ата-анасының қырағы бақлауымен суда жүзуге тиіс. Қайғылы оқиғалар тіпті көлдің,каналдың немесе бассейндердің  саяз жерлерінде де орын алуы мүмкін. Осылай деп дабыл қаққан департамент қызметкерлері, әр жылдың шомылу маусымында   үгіт –насихат жұмыстарын  да арттырады.

    1

    Оңтүстікте негізінен шомылуға рұқсат етілген 1088 аймақ бар. Алайда, адамдардың өлім жағдайлары құтқарушылармен бақыланбайтын аймақтарда көптеп болады. Себебі демалушылардың көпшілігі суда жүзуге тиым салынған аймақтарға барып, арнай ережені сақтай бермейді.  Ал,төтенше жағдайдың құтқару жасағы орналасқан  Шардара,Тоғыс тағы басқа мекендерде маусым бойынша ешбір қайғылы оқиға тіркелмепті.

    Жомарт  БЕГІМБЕТ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.