Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ж.Түймебаев бастаған делегаттар Қазақстан-Корея инвестициялық форумына қатысты
    Жаңалықтар

    Ж.Түймебаев бастаған делегаттар Қазақстан-Корея инвестициялық форумына қатысты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.04.2018Updated:23.04.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев 19-20 сәуір күндері Оңтүстік Кореяда өткен Қазақстан-Корея инвестициялық форумына қатысты. Форумда қос елдің бизнес қауымдастықтары өзара іскерлік байланысты дамыту, сауда-экономикалық байланысты нығайту мәселелерін талқылады.

    Форум барысында аймақ басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық әлеуетін таныстырып, инвестициялық жобаларды табысты жүзеге асыру үшін құрылған мүмкіндіктерді атап өтті. Сонымен қатар әрбір жобаны жеке өз тарапынан қолдауға дайын екендігін жеткізді.

    «Оңтүстік Қазақстан облысы — экономикалық әлеуеті зор, тұрақты дамып келе жатқан өңір. Аймақ Орта Азия, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерін байланыстыратын жолдардың қиылысында орналасқан, соның нәтижесінде шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндіріс дамып келеді.Тарихи өлкенің аграрлы саласы жақсы дамыған.  Соңғы 3 жылда жиналған бақша өнімдерінің көлемі 1 миллион тоннадан асып түседі. Қазақстандағы жылыжайдың 90 пайызы біздің өңірде орналасқан. Мақта толығымен, ал жүзім мен бақша өнімдерінің 70 пайызы осы облыста өсіріледі. Индустрияландыру бойынша еліміздегі жүзеге асып жатқан әрбір бесінші жоба Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Соңғы 8 жыл ішінде өңірде жалпы құны 735 млн. АҚШ долларынан астам қаржыға 175 жоба іске қосылған. Сондай-ақ, инвестиция көлемі 3,6 млрд. АҚШ долларын құрайтын 75 жоба 2020 жылға дейін жүзеге асады»,-деді облыс әкімі Ж.Түймебаев.

    31052402_1623441807772152_3818613121740701696_o

    Сонымен қоса өңір экономикасы әртараптандырылғанын айтқан   əкім облыста 177 мыңнан астам бизнес субьектілері тіркелгенін мəлім етті. Сондай-ақ, облыста шетелдік инвесторлар үшін тиімді болатын Индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында 11 индустриалдық және 1 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейтінін атап өтті.

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі бастап барған кәсіпкерлер мен даму институттарынан құралған делегаттар POSCO DAEWOO, HANWHA GROUP, HYUNDAI CORPORATION және LS Cable & System секілді Оңтүстік Кореяның трансұлттық компанияларымен бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

    Кездесу барысында оңтүстікқазақстандық делегаттар корей инвесторларына өңірдің перспективті салаларын ұсынды. Сондай-ақ, келіссөздер барысында тараптар өңірде жүзеге асатын жаңартылатын энергия көздері мен металлургия және цифрлық технологиялар, соның ішінде құрылыс саласындағы озық технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды талқылады.

    Екі жақты қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өткен аймақ басшысы қазірдің өзінде Оңтүстік Қазақстанда Оңтүстік Кореяның ірі компаниялары жұмыс істеп жатқанын және әлеуетті инвесторларды жобаның іске асырылуына дейін қолдау білдіретін өңірлік даму институттарымен жұмысын жандандыруға шақырды.

    Бұдан бөлек, Оңтүстік Кореяның ірі кәсіпорындарының бірі болып табылатын HANWHA GROUP компаниясымен Сарыағаш ауданында курорттық аймақ құру бойынша және энергетика саласындағы перспективалық жобалар талқыланды. Сондай-ақ, энергетика саласын дамыту бойынша жобалар инфрақұрылымды электрмен жабдықтау және азық-түлік өндірісі үшін ресурстық базаны құру бойынша әлемдік тәжірибеге ие Кореяның POSCO DAEWOO корпорациясымен келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар облыс әкімнің шақыртуын кабель өндіруші осы саладағы әлемдегі ең үздік технологияларға ие LS Cable & System компаниясы алды.

    Форумның екінші күні облыс әкімі Ж.Түймебаев Сеул қаласының вице-мэрімен кездесті. Кездесу барысында тараптар қала құрылысы жобаларындағы заманауи инфрақұрылымдық шешімдер жайын сөз етті. Осы ретте облыс әкімі екі жақты әріптестікті талқылау мақсатында Сеул қаласының әкімін Оңтүстік Қазақстан облысына шақырды.

     

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.