Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады
    Жаңалықтар

    Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.04.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлады baq.kz ақпарат агенттігі.

    Тараптар екіжақты, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті сұрақтарын талқылады.

    Нығматулин атап өткендей, Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі, сенімді досы және тату көршісі. Өткен жылы қос мемлекет арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толды.

    Мәжіліс төрағасының пікірінше, Қазақстан мен Ресей Президенттерінің терең түсіністік пен достыққа негізделген салиқалы саясаттарының арқасында біздің елдеріміз өзара әріптестіктің жоғарғы көрсеткіштеріне қол жеткізді.

    Маңызды бағыттар қатарында Н. Нығматулин аймақаралық және шекаралық ынтымақтасты, Еуразиялық кеңістікте интеграциялық бірлестіктер аясында өзара іс-қимылды атады.

    Өз кезегінде А. Бородавкин Қазақстанмен достық қатынасты дамыту зор маңызға ие екенін алға тартып, екі ел арасындағы ауқымды жетістіктерге тоқталды.

    Екі елдің Парламент өкілдері ТМД ПАА аясында ұлттық заңнамаларды үйлестіру бойынша табысты еңбек етіп, ЕурАзЭО заңнамалық базасын қалыптастыруда бірлесе белсенді жұмыс істеуде.

    Мәжіліс төрағасы елшіні жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтай келіп, А. Бородавкиннің дипломатиялық жұмыстағы мол тәжірибесі біздің елдеріміз арасындағы байланысты жан-жақты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.