Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Әлеуметтік зерттеулерде төтенше жағдай туындап отыр ма – Нығматулин
    Жаңалықтар

    Әлеуметтік зерттеулерде төтенше жағдай туындап отыр ма – Нығматулин

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мәжіліс спикері су тасқыны зардаптарын жоюға кететін мемлекет қаржысы әлеуметтік зерттеулерге қарағанда әлдеқайда аз екенін айтты.

    ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 жылы сараптамалық және әлеуметтік зерттеулер жүргізуге Үкіметтен қосымша 800 млн теңге бөлуді сұрады, деп хабарлайды BNews.kz.

    Бұл мәселе ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында талқыланды. Бүгін Мәжілісте «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке»  өзгертулер енгізу бойынша заң жобасы талқыланды.

    Отырыста Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен неліктен әлеуметтік зерттеулерге көп қаржы бөлінетіні туралы сұрады.

    «Сіздер сараптамалық және әлеуметтік зерттеулерге қосымша 800 млн теңге бөлуді сұрап отырсыздар. Ол биыл бөлінген 460 млн теңгеге қосымша ретінде. Айтыңызшы, бір жылда әлеуметтік зерттеулерге 1 млрд 300 млн теңге бөлудің қаншалықты зәрулігі бар? Әлде сіздерде үш ауысымды және апатты мектептер жоқ па? Әлде сіздер, мұғалімдерге қосымша төлем төлеу мәселесін толығымен шешіп біттіңіздер ме?», — деді депутат министрге.

    «Үш ауысымды және апатты мектептер бізде бар. Оларға қаржы бөлініп жатыр, мұғалімдердің төлемдеріне қатысты қажеттіліктер де бар, ол үшін де тиісті ақша белгіленген. Қосымша зерттеулер мемлекеттік бағыттағы маңызды үш бағыт бойынша қажет. Бірінші – ол латын қарпіне көшу. Бұл ғылыми негізде жүргізілуі тиіс үлкен бағдарлама. Екінші өздеріңіз білесіздер, бізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бар, оған да біраз қаржы қажет. Сараптамалық зерттеулер нәтижесінде жұмысымыздың қаншалықты сапалы екенін түсініп отыру маңызды. Үшіншіден біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының білім және ғылым комитеті мүшесі атандық», — деді Ерлан Сағадиев.  

    Оның айтуынша зерттеулер толыққанды болу үшін жұмыстар атқарылуда.

    Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин 2018 жылы әлеуметтік зерттеулерге 17 мемлекеттік органдар тарапынан 7,2 млрд теңге қарастырылғанын айтты.

    «Апатты мектептерден бастаған екенсіздер, мен де мысал келтіре кетейін. Республикада 45 апатты мектеп пен 127 үш ауысымды мектеп жұмыс істеуде. Екіншіден біз расымен әлеуметтік зерттеулер және консалтингтік қызметтерге қатысты мәселелерге назар аударуымыз керек. 2018 жылғы бюджетте әлеуметтік зерттеулерге 17 мемлекеттік органмен 7.2 млрд теңге қарастырылған. Бүгінгі нақтыланған бюджетте әлеуметтік зерттеулерге қосымша 3,3 млрд теңге бөлініп отыр. Біз мұндай зерттеулердің жасалуына қарсы емеспіз, әрине керек те шығар», — деді Нұрлан Нығматулин.

    «Міне мысал ретінде келтірейін, осы бюджетте мүгедектерге күтім көрсететін жандарға арналған жәрдемақыға 2,7 млрд қарастырылған. Су тасқыны зардаптарын жоюы тиіс Ішкі істер министрлігіне 1,6 млрд теңге қарастырылған. Сонда әлеуметтік зерттеулер саласында төтенше жағдайлар туындап отыр ма?», — деді Палата спикері.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.