Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауы өтті. Сайысқа облыстың аудан мен қалаларынан 28 үміткер қатысып, өз бақтарын сынады. Үмткерлер Оңтүстік композиторларның патриоттық әндерін орындады.
Байқаудың шартына сәйкес үміткерлер бірінші кезеңде Астананың 20 жылдық мерей тойына арнап ән шырқаса, екінші турда Туған жер және Отан тақырыбындағы патриоттық туындыларын нақышына келтіре шырқады.
Айта кетейік, жарыста композиторлардың жасы мен ұлтына шек қойылмаған. ҚР – ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері мен сазгерлері ән байқауына қазылық етіп, шын өнер иесін анықтауға тырысты. Сайыста жеңімпаз атанған дүлділдерге Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының алғыс хаттары мен қомақты қаржылай сый тарту етілді. 4 рет ұйымдастырып отырған бұл жарыс алдағы жылы да өз жалғасын таппақ.