«Айғақ» телеарнасының кезекті жобасы аясында оңтүстікқазақстандық бір топ делегат Өзбекстан Республикасының әйгілі қалалары Шахрисабз пен Самарқандта болып Түркі әлемінің тарихи тұлғасы Әмір Темірдің туған, өскен жерінде жүр.
Суретте: Оңтүстікқазақстандық делегация Ақсарайдағы Әмір Темірдің өзіне арнап салдырған қабірі басында
Суретте: Ақсарайдың қазіргі көрінісі. Шахрисабз.
Шахрисабз — даңқты қолбасшының туған жері. Әмір Темірді бұл мекенің тұрғындары пір тұтады. Сондай-ақ, ол өзі тірі кезінде дәл осы жерде өзіне арнап қабір салғызады. Яғни, Шахрисабзда Ақсарай салғызып, онда ұзақ жылдар бойы бағалы тастардан өзіне қабір салғызады. Дегенмен, ол қайтыс болған соң өзбекстандықтар үшін қасиетті мекен Самарқандта Гүр Әмір кесенесіне жерлейді.
Суретте: «Айғақ» телеарнасының тілшісі Шахрисабзты тамашалауға келген сайрамдық ағайындардан сұхбат алу сәті
Суретте: «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы Шахрисабзты тамашалауға келген сайрамдық туристер тобымен бірге
Суретте: Шахрисабзтағы Әмір Темірдің өзіне арнап салдырған Ақсарай резиденциясында. Облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш пен «Біз біргеміз» жастар ұйымының басшысы Абай Аңдабаев.