Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Астанада «Рухани жаңғыру» аясында оқушылардың жазғы демалысына қаржы бөлінді
    Жаңалықтар

    Астанада «Рухани жаңғыру» аясында оқушылардың жазғы демалысына қаржы бөлінді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.04.2018Updated:12.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Астана қаласының білім басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыруға 77 миллион теңге бөлді. Бұл қаражат есебінен балалар жазғы лагерьге барып, өлкетану тақырыбын зерттейді. Жанерке Асабаева нөмірі 37- мектептің 10-сыныбында білім алады. Бойжеткен, бала кезінен елінің тарихы мен оған сүбелі үлес қосқан зиялы қауым өкілдерінің өміріне шынайы қызығушылық танытып келеді. Бір жыл бұрын дәл осы білім ордасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өлкетану музейі ашылған. Мұнда белгілі ақын әрі жазушы Сырбай Мәуленовтың туындылары мен жеке заттары жинақталған. Жанерке Асабаева, № 37 мектептің оқушысы: — Музей ол біріншіден біздің ата-бабамыздан сыр шертетін кейінгі ұрпақтарға қалдырған мұрамыз деп білемін. Мысалы, біз Сырбай атамыз туралы көптеген деректерді осы жерден алуымызға болады. Амантай Аушахманова, № 37 мектептің мұғалімі: — Мектепке тиесілі мұражай мен кітапханада оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізіледі. Яғни болашақ ұрпақ тек қана білім алып қана қоймай, рухани дамып отансүйгіштікке тәрбиеленуі шарт. Көптеген іс шаралар ұйымдастырылды. Бұл ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпағымыздың бойына сіңіретін жалпы адамгершілік қасиеттерінің дамуына жол ашады. Жақында өлкетану барлық мектептерде жеке пән ретінде енгізілді. Бірегей бастама арқасында балалар ел аймақтарымен етене танысып, Қазақстандағы көрікті және киелі жерлердің тарихынан сыр шерте алады. Болат Атыбай, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының менеджері: — Өлкетану бойынша оқулықтар әзірленіп жатыр, ол биылдан бастап қолданылады. Өлкетану не береді? Бағытындағы атқарып жатқан жұмыстар кішкентай музейлер менің жерім суым ауылым дейтін жұмыстар бар. Балалар менің отаным ауылымдағы киелім жерім осындай төңіректе жұмыс атқарады. Оқушылар мектепте алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануы үшін Астана маңында өлкетану лагері ашылып, осы тақырыпта түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Биылдың өзінде бұл бағдарламаға қатысуға 30 мың бала жолдама алды. Елорданың әрбір мектебінде 15 оқушыдан тұратын арнайы топ жасақталған. Мэлс Әбенов, Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының директоры: — Осы жылы бізге 77 миллион теңге бөлінген. Балалардың қамтылуы 22 процент. 30 мың бала туризм, өлкетану шараларына қатысады. Жарыс, слет болады, өлкетанушы балалар өз бағыты бойныша теориялық жұмыс жасайды. Экспедицияға жібереміз. Шатырлы лагерь бар. Ал келер жылы туризм және өлкетану орталығы жасөспірімдерге арналған этноауыл ашуды көздеп отыр. Мұнда балалар киіз үйде тұрып, қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен танысуға мүмкіндік алады.

    Дереккөз: 24.kz

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.