Қазақстан мен Өзбекстанның қарқынды қарым-қатынасы өзара сауданың 30% астамға өсуін қамтамасыз етті, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Қазақстандық-өзбекстандық қарым-қатынастың одан ары дамуына Өзбекстанның құрметті Президенті Шавкат Мирзиёев үлкен үлес қосуда. Ол келгеннен кейін біз Астана мен Ташкент ынтымақтастығының жаңа жылнамасын аштық. Сонымен қатар Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын нығайтуда айтарлықтай прогреске қол жеткіздік», — деді Н. Назарбаев сәрсенбі күні Ақордада Ресейдің, Италияның, Өзбекстан мен Түркіменстан елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау салтанатында.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы орын алған өзара сапарлар, сонымен бірге түрлі халықаралық алаңдардағы қарқынды байланыстар өзара сауда өсімінің 30 пайыздан астамға өсуін қамтамасыз етті.
«Сіздердің дипломатиялық қызметтеріңіз еліміз үшін мазмұнды әрі маңызды оқиғаларға толы кезеңде басталғалы тұр. Қазақстан ширек ғасыр ішінде демократиялық жүйесі орныққан, азаматтық қоғамы кемелденген, экономикасы дамыған мемлекетке айналды. Біздің барлық бастамаларымыздың негізгі мақсаты әлемдегі дамыған 30 ел қатарына кіру болып табылады», — деді Қазақстан президенті