Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»кеден бекеттерінен «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі арқылы 3 мыңға жуық тауарға декларация ресімделген
    Жаңалықтар

    кеден бекеттерінен «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі арқылы 3 мыңға жуық тауарға декларация ресімделген

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан 10 кеден бекетінен «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі арқылы 2 914 тауарға арналған декларация ресімделген.  Оның ішінде 533 импорт болса, 2 381 декларация экспорт бойынша болып отыр,-деп жазады Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

    Еске салсақ, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан бойынша «АСТАНА-1» ақпараттық жүйе іске қосылған болатын.  Бұл «транзит», «экспорт», «импорт» және т.б. бірнеше бөліктерге бөлінген, импорттық-экспорттық операцияларға бақылау жүргізумен байланысты барлық мемлекеттік органдар интеграцияланған жүйе.

    Тауарларды ресімдеу барысында жүйе автоматты түрде «жасыл» дәлізді анықтауда, тауарлар ақпараттық жүйемен автоматты түрде лауазымды тұлғаның қатысуынсыз 1 минут ішінде шығарылады. Ал «сары» дәлізді анықтауда, лауазымды тұлғамен электронды түрде қосымша құжаттар мен мәліметтер сұралса, «қызыл» дәлізді анықтауда, кедендік бақылаудың қосымша түрлері қолданылуы қажет болса, «көк» дәлізді анықтауда, тауарлар шығарылғаннан кейін тексеру жүргізіледі.

    Тауарларды автоматты түрде шығаруды іске асыру, бизнес үшін уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау, брокерлердің қызметтерін төлеу және т.б. шығындар сияқты қосымша шығындардың қысқаруына әкеледі.

    Жүйеге «бір терезе» қағидасы тағы енгізілген, ол бойынша жүйеде кедендік бақылаудан басқа барлық мемлекеттік бақылау түрлері: ветеринарлық, фитосанитарлық, санитарлық-карантиндік, көліктік және салықтық бақылаудың кейбір түрлері жүргізіледі.

    Жүргізіліп жатқан шаралар сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға барынша ыңғайлы жағдайлар жасайды және кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау процесстерін жылдамдатады. Сондай-ақ, сыртқы сауда көлемінің өсуіне, еліміздің мемлекеттік бюджетіне жағымды әсерін тигізеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.