Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Д.Ақышев: 7-20-25 бағдарламасы арқылы қайталама нарықтан да баспана алу мүмкін болады
    Жаңалықтар

    Д.Ақышев: 7-20-25 бағдарламасы арқылы қайталама нарықтан да баспана алу мүмкін болады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.04.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    7-20-25 бағдарлама бастапқы тұрғын үйге көзделген, одан әрі Бағдарламаға қайталама тұрғын үйді енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

    Бұл туралы Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев айтты.

    Ақышевтің айтуынша, 7-20-25 бағдарламасына теңгемен тұрақты кірісі бар Қазақстанның барлық азаматы қатыса алады. Ұлттық Банк басшысының айтуы бойынша, бағдарлама бастапқы тұрғын үйге көзделген, одан әрі бағдарламаға қайталама тұрғын үйді енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

    Бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздың ең жоғары мөлшері өңірге байланысты сараланатын болады, бұл ел өңірлеріндегі тұрғын үйлерге бағалар деңгейінің әртүрлі болуына негізделген.

    «Бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздары тек қана теңгемен берілетін болады. Бұл ретте банктер Бағдарлама шеңберінде ипотекалық қарыздарды алу және қызмет көрсетумен байланысты қандай да бір комиссиялар мен алымдар өндіріп алмайды», — деп атап өтті Ақышев.

    Оның айтуынша, Бағдарламаның қамтуын анықтау мақсатында Ұлттық Банк тиісті мемлекеттік органдардан ақпарат сұратты. Бағдарламаның қамтуы бойынша деректер алынған барлық ақпарат көлемі өңделгеннен кейін жария етілетін болады. Бұл ретте, баспанаға мұқтаждарды және ипотекалық қарыз бойынша төлемдер төленетін кірістері барларды тексеру қажет.

    Айта кетейік, бағдарламаныңнегізгі талаптары: сыйақы мөлшерлемесі — жылына 7 пайыздан артық емес; бастапқы жарна — 20 пайыздан артық емес; кредит мерзімі — 25 жылға дейін. Басқа талаптары талқылануда және Бағдарламада көрсетілетін болады, ол ағымдағы жылдың мамыр айында бекітіледі.
    Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.