Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Сағадиев: 2019 жылы 13,5 мың мұғалім төрт пәнді ағылшын тілінде беруді бастайды
    Білім

    Сағадиев: 2019 жылы 13,5 мың мұғалім төрт пәнді ағылшын тілінде беруді бастайды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болып, Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде есеп берді.

    Кездесуде Білім және ғылым министрі мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында министрлік алдына қойылған міндеттердің орындалу барысы жөнінде мәлімдеді.

    Ерлан Сағадиев мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстың аралық нәтижелері жөнінде баяндады.

    «2018 жылы мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші 95 пайызға жетеді. Негізінен, бұл жеке балабақшалар құрылысының есебінен жүргізіліп отыр. 2019 жылдан бастап ерте жетілудің бірыңғай стандарттары енгізіледі. Сондай-ақ, балабақша кезегіне мобильдік құрылғыларды қолдану арқылы да тұруға болатынын айтып өткен жөн», — деді Білім және ғылым министрі.

    Сонымен бірге, Ерлан Сағадиев Қазақстан президентіне мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңа мазмұнға көшірудің нәтижелері жөнінде айтты.

    Білім және ғылым министрі жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін мұғалімдер даярлау барысы жөнінде мәлімдеді.

    «2016 жылы ағылшын тілінде 2 мың ғана мұғалім сабақ берген болатын. Былтыр 11,5 мың мұғалім тиісті ағылшын курсынан өтуге өтініш білдіріп, олардың 3 мыңға жуығы даярлығын аяқтап, сабақ беруге кірісті. 8 мың мұғалім оқуын жалғастырып, қажетті деңгейге ауысуда. Осылайша, 2019 жылы 13,5 мың мұғалім төрт пәнді ағылшын тілінде беруді бастайды», — деді Сағадиев.

    Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

    Дереккөз: 7kun.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.