Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-ның Мақтаарал ауданында жаңа әкім тағайындалды
    Жаңалықтар

    ОҚО-ның Мақтаарал ауданында жаңа әкім тағайындалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.04.2018Updated:10.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

     

    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Мақтаарал аудандық мәслихатының келісімі бойынша Мақтаарал ауданының әкімі лауазымына Жамантай Қанайұлы Бейсенбаевты тағайындады. Әкімді аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, Елбасы бекіткен мемлекеттік бағдарламалардың сапалы түрде жүзеге асыруға атсалысу қажеттілігін айтты.

    «Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығына айрықша көңіл бөлді. Әсіресе бұл саланы цифрландырып, өнім көлемін арттыру міндеті қойылып отыр. Бұл жұмысты үйлестіруде Жамантай Бейсенбаевтың тәжірибесі мен біліктілігі жетеді деп ойлаймын. Бүгінде мұнда көктемгі егіс науқаны қызып жатыр, мақта тұқымы толық жеткілікті. Осы көктемгі уақытты тиімді пайдаланып, егін егуді ұтымды жүргізуді, экономиканы әртараптандыруды және өндіріс саласына инвестиция тартып, көкөніс пен бақша дақылдарының экпортын ұлғайтуды тапсырамын»,-деді Ж.Түймебаев.Сондай-ақ, облыс әкімі ауданда газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын айтып, сол бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды және еңбек ресурстарын реттеп, халықты жұмыспен қамтуды тапсырды. Осы ретте, әкім еңбек күші мол Мақтаарал ауданынан, еңбек күші жетіспейтін  республикамыздың солтүстік өңірлеріне қоныстану бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, елді сол жақта шаруашылықпен айналысуға шақыруды міндеттеді. Осы аталған жұмыстарды аудан депутаттарымен бірлесе отырып жүзеге асыруды айтты.Ж.Бейсенбаев 1958 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ғалым агроном, заңгер. Еңбек жолын 1982 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданы «Пригородный» кеңшарының аға агрономынан бастаған. 1984-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының Жетісай аудандық комитетінің хатшысы, Жетісай аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Красная звезда» кеңшарының партия комитетінің хатшысы, Халық депутаттары Жетісай аудандық Кеңесі ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Жетісай ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Мақтарал ауданы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Мақтарал ауданы Жетісай қаласының әкімі, Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

    2011 жылдың шілде айынан бастап Мақтарал ауданы Жетісай қаласының әкімі, 2015 жылы Мақтаарал ауданының әкімі лауазымын атқарған. Ал 2016 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып еңбек етіп келген.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.