Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемлекеттік қызметшілер тәртіпсіздікке жиі жол береді
    Жаңалықтар

    Мемлекеттік қызметшілер тәртіпсіздікке жиі жол береді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Арнайы мониторинг қорытындысы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтамайтынын анықтап отыр. Бұл туралы мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Төлебаев мәлімдеді.

    Мемлекеттік қызметшілерінің әдепсіздік танытуында дөрекілік басым. 54741 маманның әлеуметтік желісі тексеріліп, нәтижесінде 2212 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Жалпы, 2348 фото, 21 бейнежазбаның талапқа сай емес екені белгілі болған.

    «Жекелеген қызметшілер әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығын жете түсінбейді. Соның салдарынан әдеп нормаларының бұзылуымен қатар, халық тарабынан жалпы мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз пікір туындауына әкеп соғады. Мәселен, 670-тен астам әдеп бұзудың ішінде 102 дөрекілік пен әдепсіз қылық орын алды», – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Төлебаев.

    Ақмола облысындағы көрсеткіш – 11. Сұралған ақмолалықтардың 69 пайызға жуығының көрсетілген қызметке көңілдері толады.

    «Былтыр өңірде Әдеп жөніндегі кеңестің 14 отырысы өткізілді. 241 азаматтың өтініші қаралды. Басшылық құрамындағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты 10 тәртіптік іс қозғалды. 31 азаматтың құқы қалпына келтірілді», – дейді Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин.

    Ақмола облысы әкімдігі жанындағы әдеп жөніндегі уәкіл Нариман Әбдірахмановтың айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілген. Бақылау нәтижесінде 43 мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желілерінде әдепсіз суреттерінің орналастырылғандығы анықталды.

    «Мемлекеттік қызметшілер жиі тәртіп бұзады. Олар қызметтеріне лайықсыз, той-томалақ пен демалыста түскен өрескел суреттері үшін сөгіс алды. Қымбат көлік, зәулім үйлерді әлеуметтік желіге жариялау да халықтың ашу-ызасын туғызатынын көбі біле бермейді. Шенеуніктердің қалай тұратыны ешкімді қызықтырмайды. Келеңсіздіктер бұрын да болған. Бірақ қазір ақпарат заманы. Желіге салынған ақпарат жылдам тарап кетеді. Осы ретте мемлекеттік қызметшілерге жеке мүлкін желіде жария етудің тіпті қажеті жоқ», — дейді Нариман Әбдірахманов.

    Әдеп жөніндегі уәкілдерге нормаларды бұзу себептеріне сараптама жасау, мемлекеттік қызметшілердің арасында жасырын анкеталау жұмыстарын жиі ұйымдастыру да жүктеліп отыр. Олардың біліктілігі мен білімін арттыру да жоспарда бар. Қазір мемлекеттік қызметшіге деген талап күшеюде. Сонымен қатар, бұл мамандардың жағдайын жасау да қарастырылған. Қазір олардың еңбегін әділетті бағалап, жалақы төлеу үшін факторлы-балдық жүйе пилоттық жоба ретінде енгізіліп отыр.

    «Мақсатымыз біреуді аяқтан шалу, оған жаза тағайындау емес, қызмет сапасын арттыру. Сондықтан мамандарға шара қолданудан гөрі, кемшіліктерді болдырмауға көбірек көңіл бөлген жөн», – дейді департамент директоры Равиль Төлебаев.

    Дереккөз: Baq.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.