• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қаңтар 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Неке шарты деген не?

09.04.2018
0

Тағдырдың жазуымен дәм-тұзы жараспай, жолы екіге айырылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікті бөлісу барысында келісімге келе алмай соттан сотқа жүгіну оқиғасы қоғамда жиі кездеседі. Бірі екіншісіне артық үлес кетті деп әбден әуре-сарсаңға түседі. Сөйтіп ортақ мүлікті бөлісе алмай, жылдар бойы соттың табалдырығын тоздырады. Оған көптеген уақыттары зая кетіп, жүйке жұқарады. Мұны болдырмас үшін не істеу керек? Бүгін осы және өзге де сұрақтарымызға Астана қаласы адвокаттар алқасының мүшесі Тұрсын Төлегенқызы жауап береді.
– Ажырасқан ерлі-зайыптылардың мүлікті бөлісе алмау жағдайының алдын алу үшін не істеген жөн?

– Мұндай әуре-сарсаңды болдырмас үшін өркениетті елдерде неке шарты жасалады. Біздің елдің заңнамасында да неке шарты бар. Неке шартын тек үйлену алдында ғана емес, некеде тұрған кезде кез келген уақытта жасауға болады. Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 40,41-баптары негізінде әрбір ерлі-зайыпты неке шартын жасауға құқылы. Әрі бұл шартты олар кез келген уақытта өзгертуге немесе бұзуына болады. Бірақ аталған шартта заң мазмұнында көрсетілген мәселелер ғана қамтылады.

– Неке шартының мазмұнына не кіреді?

– Оған төмендегідей түсініктер кіреді: ортақ меншік тәртібін өзгерту; барлық мү­лікке қатысты тәртіп белгілеу; жекелеген мүлік түріне режім тәртібін белгілеу; ерлі-зайып­тылардың әрқайсысының мүлкіне режім белгілеу; қазір қолда бар мүлікке қатысты және болашақтағы мүлікке қатысты тәртіп белгілеу; ерлі-зайыптылардың бірін-бірі күтіп, бағу жөніндегі міндеттері тәртібі; бір-бірінің табыстарына қатысу тәсілдерін айқындау; әрқайсысының отбасылық шығыстарын шығару тәртібін айқындау; неке бұзылған жағдайда әрқайсысына берілетін мүлікті ай­қындау.

– Неке бұзылған жағдайда балалар кім­мен қалуы тиіс?

– Ажырасқан ата-ананың балалары қалыптасқан жағдай бойынша көбіне ана­сының қолында қалады. Мұны «заң солай екен» немесе «сот балаларды тек анасымен ғана қалдырады» екен деп түсінуге болмайды. Алайда, көпшілікте осындай біржақты пікір қалыптасқан. Сол себепті әкелердің бірқатары бала менде қалсын деп сотқа арыз түсіре қоймайды. Ал заңда әкенің де, ананың да құқықтары тең. Мұндай жағдайда заңның талабына сай сот шешім шығарады.

– Неке бұзылып, сот шешімімен бала бір ата-ананың қолында қалды. Сонда екінші ата-ана ол баланың тәрбиесіне, бас­қа маңызды мәселелеріне қалай араласа алады?

– Әрине, мұндай жағдайда көбіне бір ата-ана ғана балаға тәрбие беріп, ал баласынан бөлек тұратын екінші ата-ана алимент төлеумен шектеледі. Алайда Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 73-бабында баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен білім алу мәселелерін және бала үшін өзге де маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқы бар. Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтірмесе, баласы өзімен бірге тұратын ата-ана баланың екінші ата-анасымен араласуына кедергі жасамауға тиіс. Демек, баласынан бөлек тұратын ата-ана белгіленген уақытта баласымен жолығуға, онымен бірге қыдыруға, өзінің үйіне әкетуіне, тіпті еңбек демалысы кезінде демалатын орындарға (шетелге де) бірге ертіп апаруына құқығы бар. Бұл заңдылық ата-аналар арасында өзара келісілмесе, онда сотқа жүгіну арқылы шешіледі.

– Әкесімен, не анасымен бөлек тұратын баланың тұрғылықты жері мен заңды мекенжайы бола ма?

– Әрине, болады. Бірақ ол жер ата-ана­ларының келісімімен белгіленеді. Ал ортақ келісім болмаған жағдайда баланың мүддесі, оның пікірі негізге алынып, қорғаншы немесе қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыратын органның қатысуымен сот шешеді. Сот бұл ретте баланың ата-анаға, аға-інілері мен апа-сіңлілеріне үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың адамгершілік және басқа да жеке қасиеттерін, ата-аналардың әрқайсысымен баланың арасындағы қарым-қатынасты, баланың дамуы мен тәрбиесі үшін жағдайлар жасау мүмкіндігін, ата-аналар қызметінің түрін, жұмыс режімін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да жағдайларды ес­кереді.

Дереккөз: Egemen.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.