Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елбасының БАӘ-ге жасаған сапарының басты нәтижесі – $9 млрд-тан астам сомаға қол қойылған 6 құжат — О. Исабеков
    Жаңалықтар

    Елбасының БАӘ-ге жасаған сапарының басты нәтижесі – $9 млрд-тан астам сомаға қол қойылған 6 құжат — О. Исабеков

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.04.2018Updated:09.04.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Олжас Исабековтың айтуынша, 2018 жылдың І тоқсанында бірқатар жоғары деңгейдегі сапарлар жүргізілді. Мәселен, қаңтар айында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен барды, наурыз айында Тәжікстан мен Өзбекстан президенттері Астанаға келді. Келіссөздердің нәтижесінде $7 млрд-тан асатын сомаға 46 құжатқа қол қойылды.

    «Мемлекет басшысының БАӘ-ге ресми сапары ерекше маңызға ие. Бұл ел Қазақстанның Парсы шығанағындағы стратегиялық әріптестерінің бірі. 2017 жылы екі ел арасындағы өзара сауданың едәуір өсімін атап өткім келеді, 2016 жылға қарағанда 71,9%-ке ($374 млн) артып, $643,1 млн жетті», — деді О. Исабеков.

    2005 жылдан бастап БАӘ-ден Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $2 млрд асты.

    Сапардың басты нәтижесі — $9 млрд-тан асатын сомаға қол қойылған 6 екіжақты құжат болды.

    ҚР СІМ департаменті директорының айтуынша, келіссөздері 20 жылға созылған, Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімнің жасалуы Қазақстан мен БАӘ инвесторларын ұзақмерзімді тұрақтылықпен және құқықтық ортаның болжамдығымен қамтамасыз етіп, екі ел арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жандануына ықпал ететін болады.

    Сонымен қатар, О. Исабеков Қазақстанның Дубайда өтетін «Экспо-2020» дүниежүзілік көрмесіне қатысатыны туралы және «Астана» халықаралық қаржы орталығының рөлі жайында айтып берді.

    СІМ өкілінің айтуынша, Дубайда өтетін Дүниежүзілік «Экспо-2020» көрмесі «Ақыл-ойды біріктіріп, болашақты құру» тақырыбында өтеді. Қазақстандық павильонның құрылысы үшін Әмірліктер тарапы БАӘ, Монако, Швейцария, Люксембург, Белорусия павильондарының және корпоративтік павильондардың жанынан, «Мүмкіндіктер» тақырыптық кластерінде 3420 м2 көлеміндегі ірі учаске береді.

    «Сондай-ақ, сыртқы саяси жұмыстың маңызды нәтижесі – 2018 жылғы 10 наурыздан бастап БАӘ-мен екі ел азаматтары үшін визасыз режимнің күшіне енуі болды», — деп атап өтті О. Исабеков.

    «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестицияларды тартудағы рөлі туралы журналистердің сауалына жауап бере отырып, СІМ өкілі «Астана» ХҚО өз жұмысында Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығының тәжірибесін кеңінен қолданып отырғанын атап өтті. БАӘ өкілдері биыл шілде айында өтетін «Астана» ХҚО-ның халықаралық таныстырылымына қатысады деп күтілуде.

    Сыртқы саясат ведомствосы, әсіресе экономикалық дипломатияны ынталандыру, шетелдік инвестицияларды тарту кезінде ішкі тетіктер мен сыртқы серіктестер арасындағы маңызды байланыстырушы ретінде қызмет көрсетеді. Аталған көпжоспарлы жұмыс жалғасын табады, деп атап өтті О. Исабеков.

    «БАӘ өкілдерінің Қазақстанда өткізілген ірі халықаралық шараларға, соның ішінде «Астана Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне, Астана экономикалық форумына, «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік халықаралық көрмесіне белсене қатысқаны да жоғары бағаланады», — деп қорытындылады О. Исабеков.

    Анықтама: ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің деректері бойынша 2017 жылы ҚР экспорты $558,8 млн (+ 83,1%), ал импорт – $84,3 млн (+ 22,2%) құраған. 2018 жылдың қаңтарында ҚР мен БАӘ арасында тауар айналымы $57,7 млн құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,4%-ке жоғары көрсеткіш ($33,9 млн).

    Дереккөз: primeminister.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.