Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Астана және Алматы қалаларында тергеу соттары құрылуда
    Жаңалықтар

    Астана және Алматы қалаларында тергеу соттары құрылуда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.04.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Астана және Алматы қалаларында тергеу соттары құрылуда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне (ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне) құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы өткен жылы бекітіліп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Енді осы заңның 2-бабына сәйкес, 2018 жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің он төрт облысы мен Астана және Алматы қалаларында тергеу соттары өз қызметтерін жүзеге асырады.

    Тергеу ісін сот құзыретіне беру мәселесі Қазақстан Рес­пуб­ликасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында кө­рініс тауып, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жос­парында жалғасты. Тер­геу судьясының мақсаты – өзіне қылмыстық қудалау функ­циясын қабылдамай, сот­тың бақылауын жүргізуді жү­зеге асыру. Тергеу судья­сы – қылмыстық про­цес­тегі тараптар мүм­кін­дік­тері теңдігін, жеке адам­ның­ конституциялық құ­қық­тарының сотта қорға­луын, негізсіз айыптаудан және сотталудан, адамның және азаматтар құқықтары мен бостандықтарының заң­сыз шектелуінен қорғау­ды қамтамасыз ететін процес­суал­дық дербес тұлға болмақ.

    Қылмыстық-процестік ко­­­­декстің 55-бабында тергеу судья­сының сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары барысында кездесетін кем­шіліктерді жою үшін оған бір­неше өкілеттік берілген. Ен­дігі жерде күзетпен ұстау, үйқамақта ұстау, лауазымнан уақытша шеттету, жақындауға тыйым салу, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту, кепілді қолдану, мүлікке тыйым салуды санкциялау тергеу судьясының құзыретіне берілген. Сондай-ақ күзетпен ұсталынатын адамды сот пси­­хатриялық және /немесе сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналас­тыру, бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға ла­йық­талған психиатриялық кө­мек көрсететін арнаулы меди­ци­­налық ұйымға ауыстыру, мәйіт­ті эксгумациялау, кү­дік­тіге, айыпталушыға халық­аралық іздеу жариялау ­секілді міндет те тергеу судья­сына жүк­телген.

    ҚПК-ге толықтырылған 42-1-баптың 1-бөлігіне сай «Қа­зақстан Республикасында қылмыстық сот ісі қағаздағы және /немесе электронды фор­маттарда» жүргізіледі. Сон­­дай-ақ, ҚПК-нің 131­-бабының 4-бөлігінің 6-тар­­мағында: «Жердің шал­ғай­­лығы немесе тиісті қатынас жол­дарының жоқтығы салдарынан, сондай-ақ төтенше жағдай немесе төтенше ахуал жағдайларында адамды тер­геу судьясына уақтылы жет­кізуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға жол берілетін жағ­дайларды қоспағанда, адам қылмыс жасады деген күдік бо­йынша – қырық сегіз сағат­тан аспайтын мерзімге, ал кә­мелетке толмаған адам жиыр­­ма сағаттан аспайтын мер­зімге ұстап алынуы мүм­кін», деп көрсетілген.

    Жаңа редакцияда жазыл­ған ҚПК-нің 133-бабы, 2-бө­лігіне сәйкес ұстап алын­ған адамды ұстау орны­ның бас­тығына күдіктіні кү­зет­пен ұстауды санкция­лау ту­ралы сот қаулысы келіп түс­песе, ұстап алынған адам­ды­ ұстау орнының бастығы, осы кодекстің 131-бабының 4-бө­лігінің 1-6 тармақтарында көз­делген жағдайларды қос­пағанда, оны өзінің қау­лысымен дереу босатады және бұл туралы прокурорды хабардар етеді.

    Осы орайда, 2018 жылдың екі айында Мұнайлы аудандық сотының тергеу судьясының өн­дірісіне санкциялауға бар­лығы 14 өтінішхат, оның ішін­де 7 күзетпен ұстау бұл­тартпау шарасын қолдану, 3 күзетпен ұстау бұлтартпау ша­расы мерзімін ұзарту, 1 кепіл түріндегі бұлтартпау ша­расын қолдану, 2 тергеу судьясының санкциясынсыз жүр­гізілген тінтуді заңды деп тану туралы, 1 тергеп-тек­серу мәліметтерін алу өті­нішхаттары түсіп, қаралды.

    2015 жылдан бастап іске қо­сылған тергеу судьясының өкі­леттіктері жыл сайын артып, азаматтардың консти­ту­циялық құқықтары мен бос­тандықтарының қылмыстық про­цестік заңның талаптарына сай қорғалуын да жүзеге асыруда.

    Дереккөз: Egemen.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.